Construction Site

Кураторлық жазба:
Оқиғаны аса дәл бақылаған бұл туындыны нағыз синефилдің синефилдерге арнап түсіргені көрініп-ақ тұр. Белгілі бір алаңның адамдарды қалай біріктіретініне және олардың арасындағы қарым-қатынасты қалай қалыптастыратынына терең үңілген бұл фильм америкалық деректі киноның классигі Фредерик Вайсмандның еңбектерін еске салады. Десе де, Брон өзіндік қолтаңбасын сақтап қалады: оның объективіндегі шынайы өмірдің кей сәттері тіпті фантастикаға айналады.
Сипаттамасы:
Режиссер Жан-Стефан Брон Париждегі аты аңызға айналған Paramount Theatre ғимаратының Ренцо Пьяно жобасына сай Pathé Palace-қа айналып, қайта жаңғыру процесін үш жыл бойы жіті бақылайды. Жеке шешімдер, қызу пікірталастар мен күнделікті қарбалас жұмыстың тасасынан «болашақ кинотеатры қандай болуы керек және ол қандай көрерменге арналмақ?» деген маңызды сұрақ пайда болады.
Фильм тілдері:
итальян, француз, ағылшын
Фестивальдер мен марапаттар:
Іріктеу: Locarno Film Festival, 2025, Fuori Concorso бағыты
Номинация: Swiss Film Award, 2026, Үздік деректі фильм