Креатив бағдарламалау

Екі тәуелсіз воркшоп аясында жасөспірімдер бағдарламалаудың негіздерімен танысып, технологияларды визуал өзін-өзі көрсету үшін қалай қолдануға болатынын үйренеді. Біз кодты көркемдік құралға айналдыра отырып, қозғалыс, сурет және қиялмен жұмыс істейміз.
Қатысушылар JavaScript тілін және p5.js кітапханасын үйреніп, алғашқы визуал скетчтер мен интерактивобъектілер жасайды, одан кейін машиналық оқыту технологиясын қосады. Google-дың Teachable Machine нейрожүйесін қолданып, компьютердің «көруі» мен реакция жасауын үйретеміз және оны жобаларға енгіземіз.
Соңында қатысушылар топтық немесе жеке жұмыстар жасайды — бұл визуал музыкалық құрал, интерактив ойын, перформанс немесе анимация болуы мүмкін. Алдын ала білім қажет емес — тек қызығушылық пен тәжірибе жасауға дайын болу жеткілікті.
Өтетін орны: Ателье — «Целинный» заманауи мәдениет орталығының білім беру кеңістігі, Масанчи көшесі, 59, Алматы қаласы.
Курс тілі — қазақ тілі.
«Freedom Bank-пен шығармашылық зертхана» бағдарламасы аясындағы курсқа қатысу толықтай тегін — гранттар Freedom Bank қолдауымен ұсынылылады. Өтініш беру үшін Целинный орталығының сайтындағы арнайы форманы толтыру қажет. Қатысушыларды таңдау барысында олардың қаржылық қолдауға (көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдер)деген қажеттілігі, сондай-ақ олардың мотивациялық хаты мен өтініштерінің сапасы ескеріледі — курс қатысушы үшін не себепті маңызды және алған білім мен тәжірибені қалай пайдаланғысы келетінін ескере отырып таңдайды.
Тәлімгер: Айбике Сара-Сабит — өнер, технология жәнедыбыстың тоғысқан тұсын зерттейтін медиа-өнерпаз. Нью-Йорк университетінің Интерактивті медиа өнерібағдарламасының түлегі және интерактив жобалардыңавторы. Айбике дәстүрлі көркемдік тәжірибелердіңшекарасын кеңейте отырып, креатив бағдарламаларбойынша воркшоптар өткізеді.
Курсқа қатысты барлық сұрақтар бойынша мына электронды поштаға жаза аласыз: learning@tselinny.org