Дәстүргүлдер

27.12.2025 16:00
Кино
Целинный

Вера Хитилованың «Дәстүргүлдер» фильмі — чех жаңа толқынының ең батыл және радикал фильмдерінің бірі. «Бұзылған әлемге» қарымта қайтару мақсатында «бұзылған болуға» шешім қабылдаған екі қыздың хикаясы толыққанды бүліктің аллегориясына айналады. Олардың анархиясы жекелеген адамдарға емес, әлеуметтік жосықты қалыптастыратын қалып, дисциплина және моралшылдық құрылымының өзіне қарсы бағытталған.

60-шы жылдардың ортасында жарық көрген «Дәстүргүлдер» форма еркіндігі мен шындыққа деген сыни көзқарасқа ұмтылған мәдени қозғалыстың бір бөлігіне айналды. Прагада көктем басталған жоқ, бірақ шиеленіс сезілетін еді: жүйе қысымнан жарыла бастады, ал өнерпаздар бодандық туралы айтудың жаңа тәсілдерін іздеуге кірісті. Фильмнің радикалды эстетикасы: оның бөлшектігі, визуалды коллаждары, түрлі-түсті кескіннен ақ-қара кескінге өтуі  — жай ғана қалыпты эксперимент емес, идеологиялық тұтастықтың ыдырауын білдірудің тәсілі болды.

Мемлекет қатыгез реакция танытқаны таңғаларлық емес: фильмді «идеологиялық зардап» пен «азық-түлікті ысырап қылғаны» үшін айыптады. Алайда бұл бұл ресми тұжырымдама шынайы себепті көлегейлейді: Хитилова еңбексүйгіш, ұяң, рационал қасиеттерді бойына жинаған социалистік әйел болудың нормативті үлгісінен толықтай ауытқып кеткен әйел кейіпкерлерді көрсетті. «Дәстүргүлдің» әйел кейіпкерлері: тіл, кеңістік, жосық, тамақ нормасы, «жақсы қыз болу» идеясын бұзады. Олардың анархиясы — тәртіпке бағынғыш дене болудан бас тарту. 

Картинаның басты ишараты — байлықтың, тұрақтылық пен социалистік әл-ауқаттың символы саналатын банкет үстелін қирату. Дәл осы себепті билік фильмді ойын немесе метафора емес, саяси мифке қастандық жасау деп қабылдады. 

Бүгінде  «Дәстүргүлдер» бәз-баяғыдай ерекше заманауи көрінеді: фильм идеологиялардың нәзіктігі, бағынбау құқығы және өмірімізді құрайтын нормаларды қайта қарау қажеттігі туралы айтады.

Кино бағдарламаның ақпараттық серіктесі: ‘98mag

No items found.