Орталық Азия өнеріндегі деколониал дискурс

Пiкiрталас
04.12.2020 19:30
Tselinny Temporary

Талқыға қатысушылар Орталық Азия өнерінде деколониал дискурстың не екенін, деколониал оптика және басқа философиялық жүйелер мен дүниетанымдардың айырмашылығы неде екенін айтып береді, сонымен қатар аталған дискурстың даму тарихымен таныстырады.

Мадина Тлостанова – деколониал жазушы және зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, Лиңчөпиң университеті (Швеция) Тақырыптық зерттеулер бөлімінің постколониал феминизм профессоры. 

Сәуле Сүлейменова — заманауи қазақстандық суретші, кескіндемеші, актриса және лектор.  «Зеленый треугольник» (1988 – 1991) тобының мүшесі, Kazakh: Paintings by Saule Suleimenova (США, 2004), East of Nowhere (Италия, 2009) көрмелері өткен. Түрлі-түсті пластик пакеттерден жасалған «Целлофан кескіндеме» сериясының авторы.

Медина Базаргали – деколонизация, феминизм және саяси белсенділік тоғысында жұмыс істейтін digital-суретші. Қосымша шындық, бет сүзгілері, 3D-графика мен анимация, компьютер ғылымдарына қызығушылық танытады.

No items found.