Дәмді деконструкциялау: тағам, жад және Орталық Азия

04.09.2026
Дәріс
Tselinny

Кездесу кімдік, жад және мәдени тарих формасы ретіндегі дәмге арналады. Сенсорлық қабылдау мен мәселен, құрт сияқты таныс тағамның не себепті әртүрлі сезімдер мен естеліктер тудыратынына қатысты сауалдан бастау ала отырып, қатысушылар Қазақстандағы дәм ландшафт пен өңірлік әртүрлілік, Жібек жолы, отарлық, аштық, соғыстар, көші-қон мен тәуелсіздік ықпалы арқылы қалай қалыптасқанын талқылайды. 

Әңгіме мен мысалдар негізінде өзара пікір алмасу барысында дәмді не «өзіндік» етеді, жалпы аспаздық тіл Қазақстанды біріктіре ала ма және жаһандану заманауи дастарханды қалай өзгертуді жалғастырып жатқанын талдап көруге тырысамыз. 

Қатысушыларға естеріне үйді, отбасын немесе күнделікті өмірді еске түсіретін үш сүйікті тіскебасар немесе өнім алып келу ұсынылады. Бәріміз бірге олардың шығу тарихын талқылап, сондай-ақ тағам, мәдени бэкграунд пен жеке әдеттер біз, әсіресе, шетелде болғанда біздің ортамыз бен үй сезімін қалай қалыптастыратынын талқылаймыз. 

Балнұра Нүсіпова — фотография, видео және инсталляциямен жұмыс істейтін алматылық өнерпаз. Өз практикасында ол жад, көші-қон, отарсыздық пен әлеуметтік өзгерістер тақырыбына жүгініп, ым-ишара, заттар, отбасылық хикаялар мен ұжымдық әдеттер арқылы жад күнделікті өмірде қалай көрініс табатынын зерттейді. Балнұра — «Целинныйдағы» Ümit Playground: Memory Games көрмесі өнерпаздарының бірі. 

Марсель Ганеев (aka Tatar prince) — PhD, зерттеуші, куир- және тіл белсендісі. Өз жұмысында ол тіл мен куир-кімдіктің тоғысын зерттейді.  

Өтетін орны: Ателье, «Целинный» заманауи мәдениет Орталығының екінші қабаты

Басталу уақыты: 14:00 

Кездесу орыс тілінде өтеді. Кіру тегін.

No items found.