Электроакустика және дыбыс тәжірибелері

Электроакустика — бұл материалдық әлем құбылыстары мен дыбыстың тоғысатын саласы, мұнда ерекше нәрселер дүниеге келеді: ешкімде жоқ музыкалық аспаптардан бастап дыбыстық инсталляциялар мен перформанстарға дейін. Бұл курста біз дыбыспен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін қолданып көреміз: микрофондармен және қолдан жасалған құрылғылармен тәжірибе жасап, кейін осы тәжірибелерді нақты көркемдік нысандарға айналдырамыз. Сонымен қатар, үйлестіруді үйреніп, дыбысты цифрлық өңдеудің әртүрлі алгоритмдерімен танысамыз.
Әрбір қатысушы өз қолымен бірегей дыбыстық аспап немесе нысан жасап шығады. Курстың соңында бұл туындыны көпшілік алдында қалай ұсынуға болатынын бірге ойластырамыз — бұл дыбыстық перформанс, интерактив инсталляция немесе осы екеуінің үйлесімі болуы мүмкін. Барлығы нөлден бастап үйретіледі және түсіндіріледі, сондықтан дыбыс немесе электроника саласында алдын ала тәжірибе қажет емес. Ең бастысы — қызығушылық пен өз қолыңмен бірнәрсе жасауға деген ниет.
Курс нәтижесі: дыбыстық аспап, нысан немесе топтық дыбыстық-перформанс.
Өтетін орны: Ателье — «Целинный» заманауи мәдениет орталығының білім беру кеңістігі, Масанчи көшесі, 59, Алматы қаласы.
Курс тілі — орыс тілі.
«Freedom Bank-пен шығармашылық зертхана» бағдарламасы аясындағы курсқа қатысу толықтай тегін — гранттар Freedom Bank қолдауымен ұсынылылады. Өтініш беру үшін Целинный орталығының сайтындағы арнайы форманы толтыру қажет. Қатысушыларды таңдау барысында олардың қаржылық қолдауға (көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдер)деген қажеттілігі, сондай-ақ олардың мотивациялық хаты мен өтініштерінің сапасы ескеріледі — курс қатысушы үшін не себепті маңызды және алған білім мен тәжірибені қалай пайдаланғысы келетінін ескере отырып таңдайды.
Тәлімгер: Влад Генералов — дыбыс өнерпаз, технологиялық нысандар мен электронды аспаптардың авторы, іс-шаралар ұйымдастырушысы, DIY-электроника мен дыбысты визуал бағдарламалау пәндерінің оқытушысы, электронды музыка авторы және диджей.
Курсқа қатысты барлық сұрақтар бойынша мына электронды поштаға жаза аласыз: learning@tselinny.org