Эмоционалдық ландшафт

28.03.2026
Дәріс, Пікірталас
Целинный

Бұқаралық дәріс суретшілер біздің өнерді қабылдау тәжірибемізді қалыптастыратын әрі жадымызда қалатын кеңістікті қалай жасайтынына арналады. Дәрісте туындыны ұсыну тәсілі — оның ортасы, композициясы және атмосферасы — көбіне көрерменнің жеке естеліктері және толғаныстарымен байланысты біздің түсінігімізге әсері қарастырылады. Студия өнер, дизайн және зерттеу тоғысында жұмыс істеп, олар «эмоционалдық ландшафтар» деп атайтын, яғни тек көру ғана емес, сезіну де маңызды кеңістікті дамытуды көздейді. Дәріс барысында олар тамашалағаннан кейін біздің жадымызда ұзақ сақталатын ортаны қалай жасайтындарын айтып береді. 

Естеліктер бұл процессте басты рөл ойнайды: сіздің бала кезде көргеніңіз, кітаптан оқығаныңыз, клубта тыңдағаныңыз немесе фильмде тамашалағаныңыз кеңістік жасаудың бастау нүктесі болуы мүмкін. Абдырау, бағыттан адасу, бақылау, махаббат, екіұштылық, шарықтау және жабырқау — бұл кеңістік арқылы сезінуге болатын сезімдер ауқымын кеңейте отырып, студия жұмыс істейтін эмоциялар сценарийі. Бір видеоға арналған инсталляция немесе ондаған суретші қатысатын ауқымды көрме болсын, бастау нүктесі біреу ғана — біз көрерменнің не сезінгенін қалаймыз және ол өзімен қандай естеліктерді ала кетеді?

Студия туралы:
D_P_S — 2016 жылы Диого Пассаринью негізін қалаған зерттеу бағытындағы дизайн-студия. Студия эмоционалдық тәжірибе біздің кеңістікті қайтіп есте сақтайтынымызға қалай әсер ететін зерттейді. Олардың жұмыстары халықаралық деңгейде, Венеция, Кванджу, Шарджа және Хельсинки биенналесінде, Балтық триенналесінде, сондай-ақ Hayward Gallery, Palais de Tokyo, Pirelli HangarBicocca, Осло Ұлттық музейі және Van Abbemuseum сынды институцияларда ұсынылды. Студия практикасы сәулет өнері, көрме және заттық дизайн, зерттеу, кураторлық және мәтін жобаларын қамтиды. 

Команда: Диого Пассаринью және Гонсалу Рейнолдс

Өтетін орны: Целинный, ORTA 1 кеңістігі. 

Басталатын уақыты: 16.00. 

Дәріс ағылшын тілінде өтеді, кіру тегін, тіркеусіз.

No items found.