«Жаңа музыка туралы» ансамбль

19.07.2026-23.08.2026
Воркшоп
Целинный

Жаңа музыка туралы дәрістерге орай ұйымдастырылған ансамбль ұжымдық импровизацияға арналған әр апталық кездесулер форматында өтеді. Алдын ала берілген репертуарды дайындау орнына әр кездесу қатысушылар бірлескен музыка ойнауды ойын, шығармашылық тапсырмалар және тәжірибемен алмасу арқылы зерттейтін жеке-дара көркемдік оқиғаға айналады. Ансамбль практикасы дыбыспен, ортамен және ұжымдық музыка орындау процесімен жұмыс істеуге жол ашып, институционалды кеңістіктің ішінде де, сыртында да жүзеге асатын болады. 

Ален Ли — алматылық зерттеуші, куратор және композитор-орындаушы. Оның практикасы ашық музыкалық импровизация, эксперименталды композиция және балама нотация тоғысында орын тепкен. Калифорния өнер институтының (CalArts) түлегі, ол импровизатор Тим Финиден (Dr. Tim Feeney) музыкалық теория мен композицияны оқыған, сондай-ақ Джо ЛаБарбера (Joe LaBarbera) мен Бенни Мопин (Bennie Maupin) жетекшілігімен джаз орындау өнерін меңгерген. Кейінгі жылдары Ален Қазақстанда qazaq indie супер-тобымен және өнерпаз-орындаушы Kokonja-мен өнер көрсетті.

Open-call нәтижелері бойынша қатысады, сіздің қатысуыңызды қарастыру үшін 16 шілдесіне дейін форманы толтыруыңызды сұраймыз. Дұрыс байланыс деректерін беруіңізді өтінеміз.