«Төрт ландшафт» отбасылық шығармашылық ойыны
.jpg)
5 қыркүйек Целинныйда «Төрт ландшафт» атты отбасылық шығармашылық ойын өтеді. Біз орталықтың барлық келушісін, соның ішінде кез келген жастағы баласын ерте келетін ата-аналарды күні бойы өтетін ойынға қосылуға шақырамыз.
Дайын жауап алудан бөлек, әлемді тағы қалай тануға болады атты сауал іс-шараның басты өзегі.
Бір күнге ORTA 3 кеңістігі дала, тау, теңіз бен табиғатта жоқ қиялдағы елді-мекенді біріктіретін төрт аумаққа айналады.
Дала — жусан иісі, ыстық құм мен шегірткенің әні.
Тау — тау өзенінің шуылы, тастар мен ылғал шөптің иісі.
Теңіз — тартылған су ізі, тұзды жел мен шоқтай қызған күн.
Қиял — аспанның ар жағындағы таңғажайып тіршілік иелері мекендеген қонысқа апаратын бұлт арасындағы соқпақ.
Ландшафтың бірі де алдын ала дайын болмайды. Келушілер оларды құмнан, топырақтан, малтатастардан, тастардан, мүктен, тікенектерден, тамырлардан, бақалшықтардан және тұқымдардан өздері құрастырады. Ермексаздан аталған ортада өмір сүруі мүмкін жануарлар, құстар мен қиялдағы тіршілік иелерінің мүсіндерін жасауға болады.
Әр аумақтың қасында бұл ландшафт қандай, оны қандай материалдан құрастыруға болады және онда кім өмір сүреді сынды кішігірім ишараттар орналасады. Әрі қарай әр қатысушы нені зерттеу керегін, нені қосу керегін, сондай-ақ аталған мекеннің қандай болатынын өзі шешеді.
Ойын арқылы балалар мен ересектер Қазақстанның ландшафты, флорасы мен фаунасы туралы көбірек білім алады. Мұнда білім әуесқойлық, материал мен төл әрекет арқылы пайда болады: ұстап көруге, орын ауыстыруға, құрастыруға, ойлап табуға және өз идеяңды тексеріп көруге жол ашық.
Бұл Целинныйдың төл сәулетімен де байланысты. Асиф Хан ғимаратты бірде-бір баспалдақсыз жобалаған: келушілер ғимаратқа жер деңгейінен тікелей кіріп, бәрі бір жазықтықта орналасады.
Аталған көлденең жазықтықты біз ойында жалғастырамыз — ересек пен бала кеңістікті тең деңгейде бірге зерттейді.
Күні бойы төрт аумақ өзгеріп тұрады. Кешке қарай дала, тау, теңіз бен қиялдағы елді-мекен таңертеңнен қарағанда мүлдем басқа түрге енеді.
Іс-шараның кураторы — суретші, арт-терапевт, реджио-педагог және сәулетші, балалар мен ересектерге арналған арт-топтар мен арт-медиациялар жүргізушісі Лена Андерсон.
Ойын 5 қыркүйек 12:00-ден 17:00-ге дейін Масанчи 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың ORTA 3 залында өтеді. Кіру тегін. Іс-шара өткізу уақытында кез келген уақытта қосылуға болады.
Іс-шара ересектер мен 5 жастан асқан балаларға ашық. 7 жастан асқан балалар ата-ананың сүйемелдеуінсіз, жеке қатыса алады.