Қаріп жасау

«Қаріп жасау» курсы — бұл әріптерді кездейсоқ байқап,оларды авторлық қаріпке айналдыру туралы курс. Біз дәстүрлі құралдардың орнына күнделікті өмірдегі заттарды қолданамыз: апельсин қабығы, сым темір, күйдірілген шырпы, көлеңке немесе қиял не қаласа, соның бәрі.
Тәжірибелі дизайнерлердің жетекшілігімен қатысушылар қаріп дизайнының негіздерін материалдармен тәжірибе жасап, ойын түрінде меңгереді. Біз бәріміз бірге брейншторминг (ой шабуылы) мен майндмэпингтен бастаймыз, кейін әр қатысушы өз концепциясы мен материалдарын таңдап, прототип жасайды, оны жетілдіреді және финалдық презентацияда ұсынады.
Курс нәтижесі: автор таңдаған ерекше техника мен бірегей идеяға негізделген дайын қаріп жобасы.
Өтетін орны: Ателье — «Целинный» заманауи мәдениет орталығының білім беру кеңістігі, Масанчи көшесі, 59, Алматы қаласы.
Курс тілі — орыс және қазақ тілі.
«Freedom Bank-пен шығармашылық зертхана» бағдарламасы аясындағы курсқа қатысу толықтай тегін — гранттар Freedom Bank қолдауымен ұсынылылады. Өтініш беру үшін Целинный орталығының сайтындағы арнайы форманы толтыру қажет. Қатысушыларды таңдау барысында олардың қаржылық қолдауға (көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдер)деген қажеттілігі, сондай-ақ олардың мотивациялық хаты мен өтініштерінің сапасы ескеріледі — курс қатысушы үшін не себепті маңызды және алған білім мен тәжірибені қалай пайдаланғысы келетінін ескере отырып таңдайды.
Тәлімгерлер:
Жанна И (Zhanna Ee) — дизайнер, брендинг, өнім дизайны және жобалау саласында Қазақстан, Барселона, Тревизо, Париж және Мәскеу қалаларында тәжірибесі бар. Жанна — OI CREATIVE студиясының, Cross Cultural Workshop (Қазақстандағы ер-тоқымдарды зерттеу бойынша воркшоп) және Make Mektep (ауыл мектептерінің әжетханаларын бірлесіп қайта жобалау) жобасының теңқұрушысы.
Ілияс Дауылбаев — визуал өнерпаз және дизайнер. Оның шығармашылығында басты көркем элемент — «сөз», ол поэзия немесе проза түрінде көрініс табады.
Курсқа қатысты барлық сұрақтар бойынша мына электронды поштаға жаза аласыз: learning@tselinny.org