Қабылдау еркіндігі

Целинныйда өтетін «Қабылдау еркіндігі» екі күндік шеберлік сыныбына шақырамыз.
Бұл — көру қабылдаудың басты тәсілі болмайтын көркемдік практика. Музыка форма қайнаркөзіне айналады, рельеф композицияны сезінуге көмектеседі, ал түс ішкі түйсіктен туады. Сабақтың басты мақсаты — дыбыстың формаға, форманың рельефке, ал рельефтің түске қалай айналатынын қадағалап көру талпынысы.
Шеберлік сыныбы өнерпаздар және зағип қатысушылардың ортақ жұмысы ретінде жасалған. Біз тең автор есебінде жұмыс істеуге, мұқият тыңдауға, сезімдерді талқылап, визуалды шешімді бірге іздеуге қызығушылық танытатын өнерпаздарды шақырамыз. Мұнда академиялық нәтиже емес: форма қалай пайда болатынын, ол диалог барысында қалай өзгеретінін және бір адам басқа адамға қабылдауды бейнеге айналдыруда қалай көмектесетінін қамтитын жұмыс процессі маңызды.
Бірінші күн, яғни 19 сәуір тек өнерпаздарға арналған дайындық күні болмақ. Қатысушылар шеберлік сыныбының тұжырымымен танысып, музыкалық трек тыңдап, абстрактілі композиция жасап, болашақ жұмыстың жанасу негізіне айналатын рельефтік контур сызады. Сөз музыканың иллюстрациясы емес, оның құрылымын ұғыну талпынысы туралы болып отыр.
Екінші күні — 22 сәуірде өнерпаздарға зағип қатысушылар қосылады. Олар бірге қайтадан музыкалық трекке мойын бұрып, түйсік, реңк, интенсивтілік және ассоциациялармен жұмыс істейтін болады. Зағип қатысушы аталған практикада түс шешімін шығарады, ал өнерпаз оны визуалды формаға айналдыруға көмектеседі.
Бірлесе жасаған жұмыс және дыбыс, форма, рельеф пен түс бір-бірімен байланысты мұқият қабылдау тәжірибесі шеберлік сыныбының нәтижесі болмақ.
Шеберлік сыныбын ішкі күй, қабылдау және трансформация тақырыптарымен айналысатын өнерпаз Евгения Казакова өткізеді. Өз практикасында ол түйсік пен форма арасындағы байланысты зерттейді. Аталған шеберлік сыныбы ішкі тәжірибені қалай көрсетуге болатыны туралы оның қызығушылығының жалғасы болмақ.
Өнерпаздар аталған сілтеме арқылы тіркеле алады. Ал зағип қатысушыларды тіркеу аталған сілтемеде қолжетімді.
Алғашқы шеберлік сыныбы — 19 наурыз сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін, екінші шеберлік сыныбы — 22 сәуір сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін Целинный білім беру кеңістігі — Ательеде өтеді.