Көктен жерге дейін: Асиф Ханның «Целинныйы» және ол оны қалай жасады

31.05.2026 дейiн, 15:00–19:00
Көрме
Целинный, Жм–Жс

«Целинный қирап қалмады, бірақ, бәлкім ол қалың ұйқыда жатқан болар. Оның тек өз өткенінің сарқыншақтары ғана есінде қалған. Оның тұлғасы уақыт өткен сайын өзгеріп келеді».  
Асиф Хан

«Ең алдымен мен көп қабатты түпнұсқа ғимараттың қабаттарын өзгертпестен, кез келген адам көшеден фойеге, одан көрермен залына кіріп, әрі қарай паркке шыға алатын жазықты салуға ұмтылдым. Мен бұны ландшафт, көкжиек ретінде ой елегінен өткізгім келді. Осылайша, «Целинный» ақыры келешек суретшілері үшін құнарлы топыраққа, бір кездері алып кинотеатр болғандай ашық әрі қонақжай орынға айналуы мүмкін». 
Асиф Хан

«Өзгерістің өзегінде кинотеатрдың қатты бетон қаңқасына бастайтын жұмсартылған табалдырық жатыр (бұл бізді сананың жаңа күйіне енуге шақыратын бұлт тәріздес экранға ұқсайды). Бұлт қазақтың Тәңір мен Ұмай секілді көне құдайларының рухын, аспан мен жерді, еркектік пен әйелдік бастауды паш етеді. Жермен түйіскен бұлт — бұл форма мен формасыздық, тартымдылық пен өткіншіліктің белгісі. Осылайша тарихтың бір қабаты ежелгі жасампаз энергия арқылы қайта бүр жарып отыр».  
Асиф Хан

Көрме

«Көктен жерге дейін» көрмесі Целинный реконструкциясының өзегінде жатқан орын мен архитектураға деген көзқарасты паш етеді. Аталған ғимарат табиғи күштер, мифтер мен көнеден қалған естеліктер қарқынды түрде өскен отарлық құрылыспен қабысқан, өткені терең әрі күрделі орынға жауап ретінде туындайтын ерекше архитектуралық сезімталдықты айқындайды. Таяудағы тарихты жай жоққа шығарып немесе өшірудің орнына, жаңа Целинный о бастан өткенді қайта қалпына келтіріп, жаңғыртуды мақсат етеді. Жаңа дизайн өткеннің күрделі қабаттарын қайта ой елегінен өткізіп, жоғалғанды қайтарады. Жаңа дизайн аталған нысанның қала құрылымындағы маңызды орнын екенін, жергілікті көрнекі ғимарат ретіндегі рөлін және бірнеше буын үшін кездесу және естеліктерге толы маңызды қоғамдық орын болғанын айқындап, ескі ғимараттың оң жақтарын мойындайды, сонымен қатар таяуда өткен мәселелерді сыни тұрғыдан қарастырады. Жергілікті тарих пен мәдениеттің терең қабаттарымен байланысты қалпына келтіріп, және архитектураның жасампаз әрі өнертапқыш күшіне сенім арта отырып, аталған ғимарат ескі кинотеатрды жаңғыртып, жұртты қайта қауыштыратын, қайта ойландырып, мүлде соны дүние ұсынатын нысанды қалыптайды.

​Не көрсетіледі? Көрме ғимараттың фойесіне қойылған. Онда Асиф Ханның шеберханасынан әкелінген туындылар, макеттер мен суреттер, сондай-ақ оның қазақ даласы мен Алматыға жасаған сапары кезінде жинаған жеке коллекциясындағы заттарды ұсынылған. Бұл заттар жаңа Целинныйдың физикалық бейнесіне айналған идеяларды, шабыт пен зерттеулерді паш етеді.

​Бұл көрме жобаның негізгі ойын және 2017 жылдан бастап Асиф Хан, сонымен қатар жұбайы әрі «Целинный» жобасындағы авторлардың бірі, қазақ архитекторы Зәуре Айтаева екеуі бірлесіп бастаған сәттен бастап қалай дамығанын көрсетеді. Зерттеу мен еңбектің көзге көрінетін нысанға айналу процесін паш еткен бұл көрме, сондай-ақ архитектураның жасампаз күшін дәріптеп, аталған жобаның архитектордың шеберханасындағы сызба тақтасынан бастап,  зерттеу мақсатында нысан тұрғызылатын орындағы жұрттың кеңесіне құлақ түргеніне дейін қалай дамығанын көрсетеді. Заттардың арасында Ханның соңғы сегіз жылдағы саяхатына қатысты ақпарат беретін, процесс барысында телефонына түсіріп алған фотосуреттері бар. Ұсынылған материалдар бұл орын мен оның өткеніне қатысты асқақ арман мен архитектуралық тәсілдің жаңа көрінісі іргетас қалап, жаңа тұрпаттағы ғимарат бой көтеретін орынды босатып беру үшін бірікті.

​Көрменің дизайны мен оны ұсыну тәсілдері Хан мен оның студиясы куатормен бірлесе әзірленіп, жобаның өзегінде жатқан идеялар мен оқиғаларды жеткізетін түрлі әдістер ойластырылған. Көрменің дәл ортасындағы дөңгелек үстел дастарқанды (көрме кезінде де жұртты біріктіретін кешкі асты ұйымдастыру үшін қолдануға болатын, тамаққа отырған адамдарды біріктіретін кеңістік) еске салады. Үстелдің ішінде заттар түтілмеген жүннен жасалған бұлт үстінде қалықтап тұрғандай әсер қалдырады және бұл бұлт Ханның сипаттауынша, 1964 жылы «Целинный» ғимараты ашылған түндегі жұлдызды аспанды суреттеген түнгі аспан картасы ретінде ойластырылып қойылған. Ғимараттағыдай, мұнда да жаңа өткенмен үндестік тапқан.

Архитектордың шеберханасынан алынған материалдар арқылы көрініс тапқан процестің қатаңдығы ескеріліп, көрмеде жергілікті макет жасаушы шебер жасалған «Целинныйдың таяудағы беймәлім болған көріністері» атты диорамалық модельдер сериясын ұсынылған. Бұл диорамалар Ханның сөзінше, жоба жасақталып жатқан кездегі негізгі сәттерді құжаттап, ғимараттың бастапқы ғаламат қалпынан қатты өзгерген әрі қаңырап бос қалған күйіне ойысқанын көрсетеді. 2017 жылы ғимараттың қасбеті сапасыз әйнекпен қапталып, ретсіз жарнама қағаздары жабыстырылған болатын. Ғимараттың іші мен сыртына витриналар, дүңгіршектер түрлі нысандар қойылып, құлаған ағашқа шыққан саңырауқұлақтардай қаптап кеткен еді. Макеттер ғимараттың қайта жобалау басталған кездегі «бірінші күнгі» күйін; ондаған жыл бойы гипсокартонның артында ұмыт қалған, фойе қабырғасын жауып тұрған Евгений Сидоркиннің аңызға айналған алып фрескасын қайта ашып, қалпына келтіру сәтін; сондай-ақ қайта жобалау мен қайта құру барысында орын алған басқа да оқиғалар мен түсініктерді паш етеді. Реалды көрінетін, бірақ тылсым үлгілер оқиға орнындағы жағдайларды түс көргендей, өзінің бірегейлігі мен орнын іздегендей етіп көрсетеді. Репрезентацияның бұл тәсілі ғимараттың таяудағы күйне қатысты, жобаның басы мен қаланың бұл орынға қатысты нақты жағдайын байланыстыратын түсінікті образ қалыптастырады.

Көрменің атауының өзі ауқымды нәрсені армандау керек екенін, сондай-ақ күнделікті күйбең тірліктің шегінен шығып, өз идеяларыңды іс жүзінде іске асыруы қажет екенін ұғындырады. Көктен жерге дейін дизайнның мақсатын паш етеді — заманауи әлем мен прогреске қатысты батыс тұжырымдарының шегінен шабыт іздеп, өткеннің көптеген (соның ішінде жағымсыздары да бар) қабаттары және аспектілерімен қатар өмір сүре алатын, сондай-ақ оларды талдай отыра, келешектің іргесін қалауға қажет терең іргені ашатын жаңа сыни, жергілікті сезімталдықты табу қажет. Міндетті түрде отаршылдық тарихы және қанаумен байланысты болып шығатын прогресс пен заманауи әлемнің бір бағытты (батыстық) тұжырымының аясынан шыға отырып, Целинныйдың редизайны келешекке арналған кеңістікті тудыру үшін көк пен жерге құлақ түреді.

Қиын өткен шақ

Алматы — көне өркениеттердің тоғысында орналасқан аймақ. Мыңдаған жыл бойына адамдар тұрақтап келген бұл өлкеде, XIX-XX ғасырларда, Ресей империясы мен Совет Үкіметінің орталығы болған мезетте халық саны күрт өсті. Целинный артында, қала торабының маңызды қиылысында бой көтерген, құрылысы 1904 жылы аяқталған Әулие Николай соборы Алматыда бой көтерген Ресей отарлығының жарқын символына айналды. Кинотеатр 1964 жылы арнайы шіркеуге қарама-қарсы тұрғызылып, советтік билік пен қала өмірінің сиволы ретінде қызмет етті. Аталған қос ғимарат та қаладағы қоғамдық өмірдің маңызды орталықтары ретінде тұрғанымен, сондай-ақ оларды колониальдық орталықтар таңған белгі ретінде де қарастыруға әбден болады. Целинныйды қайта қалпына келтіру барысында осы бір тарихи мұраның позитивті қырларына құрметпен қарап, сақтап қалумен қатар, Қазақстан мен Алматы тарихындағы күрделі кезеңдерге ашық әрі сыни тұрғыдан қарауға талпыныс жасалды. Мұнда өткеннің қиын қабаттарын жоққа шығару я қабылдай салу емес,  оларды тауып, өткеру тапсырмасы тұрды. Бұған жауап ретінде жаңа Целинный оларға сыни тұрғыдан қарап, жергілікті мекеннің өткені мен мәдениетінің терең қатпарларына сүйене отырып болашаққа зер салады.

​Целинный (тыңайған жерлер) деген атаудың өзі дала байлығын жергілікті халық үшін емес, орталықтың игілігі үшін пайдаланып, игеруге шақыратын, тыңайған жерлерді игеру жоспарының ұраны болған сөз. Қаланың қақ ортасындағы кинотеатрдың «Целинный» деп аталуы, Қазақстанды советтік идеалдарға қызмет етуге дайын жаңа жер көргенінен хабар береді. Бұл контексте Қазақстан өз өткенінен я мәдениетінен айырылған кеңістік қана емес, сондай-ақ мәдениет ретінде көрініс берді.  Стандартты жобаға бейімделіп соғылған кинотеатр мен оның архитектурасы, орталық бақылауында болып, олар үшін қалыпты деп  танылған аяда ғана жергілікті халықтың эстетикасы мен бірегейлігін сақтап, толықтай дерлік орталықтың бақылауымен соғылды.  Ғимараттың фойесін сәндеп тұрған граффито стилінде салынған Сидоркиннің монументалды фрескасы, жоғарыда сипаттаған тәсілді паш етеді.  Аталған фреско отарлық тарихтың аясынан шығып кететін қазақтың өткенімен байланысты мифологиялық тіл мен білімді еске түсіреді. Дегенмен қазақтың символдары мұнда ұлттың тарихын жергілікті халық үшін беймәлім болған прогресс пен модернизация жөнінде, заманауи әлемнің біржақты іргілеуін баяндау үшін қолданылған. Сонымен қатар аталаған тарих заманауи «Целинный» үшін қауіпсіз болатындай баяндалған.  

​«Целинныйдың» реконструкциясы көпқабатты өткенге қатысты көзқарасты түзеп, қайта ой елегенінен өткізуге тырысады. Реконструкция кезінде жергілікті халық үшін советтік ғимараттың қымбат болған тұстарын, қоғамдық сипатын, жеке естеліктер мен кездесу орны ретіндегі рөлін қайта күшейту жұмыстары жасалды. Сонымен қатар жаңа ғимарат реконструкция кезінде фрескалардың мифтік тілі қайта жаңғырып, оның советтік құрылыс қабатының шегінен тысқарыға шығатын байланысы жанданды. Жаңа дизайн ғимарат пен оның өткенін қайта ой елегінен өткізіп, осы арқылы оған жаңа деңгей мен сезімталдық дарытады. Ғимараттың өткені мен бүгінін жеңіл сынай отыра, жалпы қоршаған ортамен және бұл орынның өткенімен, сондай-ақ осында өрбуі мүмкін келешек қарым-қатыныстардың жанданып, ой түйетін мекенге айналдырады. Редизайн жобасы (бағдарламаның анықталуы мен ғимарттың техникалық сипаттамасынан бастап, формалды, материалдық және кеңістікке қатысты шешімдерге дейін) о бастан өткеннің көпқабатты әрі күрделі мәселелермен табысудың тәсілін және оларды шешудің жолын іздеудің бір амалы болды. Сондықтан бұл көрме осының бәрін жарыққа шығарып, процесті бастап беріп отыр.  

Жаңа Целинный және ол қалай тұрғызылды?

Целинныйдың жаңа архитектурасы тұрған орны мен контексті позитивті күш ретінде қолданып қана қоймай, сондай-ақ күрделі мәселесі бар позиция ретінде де әрекеттеседі. Аталған жоба "рух мен тарихты толықтай қабылдамай-ақ, оның орнына басқа отаршылдық жағдайларда жиі болатын шешімді қолданып, қатаң сынға алу қажет пе?" деген сауалға жауап береді. Өткенді жоққа шығарып я түк болмағандай кейіп танытып, бәрін сүріп тастаудың орынына басқа не істеуге болады? Дизайнның қандай стратегияларын қолдана аламыз?  

​Мұнда үлгі ретінде Алвар Аолто және Алваро Сиза сынды атағы шыққан архиктекторлардың жұмыстарын тыңғылықты зерттеп, олардың жергілікті аймақтың ерекшелігін ескеруі, материалдық айрықшалықтар мен дәстүрлерді қабыстыра алған модерндік жобаларын батыстық сыни регионализмнің канондарын қолдануға болады. Алайда бұл дәстүрді шабыт іздеу жолында сынды тек позитивті жағынан қолдану, қиын әрі қатігез өткеннің қарама-қайшы сауалдарына жауап беруге қауқарсыз болады. Еске алу ауырға соғатын өткенді қиратуға мүмкіндік беретін дәстүр — бұл архитектураның революциялық дәстүрі. Жаңа Целинныйды мәдениеттің, білім мен қоғамның өзегінде жатып, олардың арасына сына қаққан биліктің отарлық тарихи құрылымына қарсы тұрар стратегиямен сыни тұрғыдан әрекеттескен себепті революциялық архитектура деп санауға болады. Аталған архитектура жергілікті мифтер мен мәдениетке тереңдей еніп, және оған идеяны жүзеге асыру үшін технологиялық шешімдерді еппен әрі ашық қолдана отырып, материалдық және аймақтық дәстүрлердің шегінен шығуға мүмкіндік беретін қиын өткенмен,  сыни регионализмнің сезімталдығымен қарым-қатынасты қайта ой елегінен өткізіп, оны қиратуға ұмтылады.

​Қалалық торап пен архитектураның отарлық қабаттарыны астында жатқан жерге және топыраққа құлақ түріп, бұл жоба өзеннің ежелгі арналарын, мыңдаған жыл бойына жергілікті халықпен біте қайнасып өмір сүріп келген далада туған кеңістік тұжырымдарды, мағыналар мен материалдарды ашып отыр. Ғимарат тұрған жер мен оның астындағы топырақ, «Целинный» реконструкциясында маңызды рөл атқарады. Алматының жерінде су жұмырлап, қырлаған тастар көп. Ханның ландшафты дизайны қала торабының астында қалған осы бір табиғи қабатты қайта қалпына келтіреді. Хан тастарды жобаның бір бөлшегіне айналдыра отырып, оларды ғимараттың келешек іргетасы ретінде қолданады. Егер жаңа алаң жөнінде айтатын болсақ, теп-тегіс болған алаң реконструкцияның конструктивті мағынасы бар. Жобаның іске асыру қиынға соққан көзге көрінбейтін бұл шешім, ғимараттың бір бөлігін нығайтып, жер сілкінісіне төтеп беру үшін жасалған. Бұрындары ғимараттың әр бөлігін бөліп тұрған текпешектерді алып тастау арқылы, жаңа дизайн ғимарат алдындағы фойе мен артындағы көрілім залын бір деңгейге біріктіреді. Осы арқылы тең кеңістік қалыптастырып, бәріне оңай баруға мүмкіндік береді. Бір қарағанда елеусіз көрінетін кішігірім өзгеріс, шынтуайтында жаңа, теп-тегіс территория, қазақ өнері мен мәдениетінің жаға буынына арналған соны «Целинныйдың» жасалып жатқанын аңғартатын үлкен белгі.  

​Жер мен топырақтан бөлек, редизайн өзгеруге күшті көктен де алады. Аспан немесе бұлт — жаңа Целинный жобасының басталған сәттен бері бар формалды әрі концептуалды мотив. Хан қазақ даласына жасаған саяхаты кезінде кең даланың аспанында пайда болған, көптеген мифологиялық түсіндірмелерге ие айрықша үлкен, домалақ, жерге жақын тқұрған жауын бұлтының бейнесін көрген.  Ақырында осы бейненін сәулет өнерінде бейнелеуге ұмтылды. Қазақ мифологиясында бұлт аспанмен, сонымен қатар жаңғыру және құнарлықпен байланысты. Целинный мен тың жерлердің редизайнының күрделі концепциясын қалай қайтарады дегенді ой елегінен өткізгенде, бұлт жерді нәзік құшағына алып, тіршілікпен толтыратын мүмкіндікті ашты. Ол бәрін жоққа шығарып, өшіріп, алмастыратын емес, керісінше бәрін қамтып, жаңартып, жандандыратын күшке ие. Қайта қалпына келген жермен бірге ол тордан өзгеше — тегіс емес, ашық әрі шексіз қисынға ие кеңістікті тудырады. Осындай концепциялар мен шешімдерге келу үшін Хан, орын мен жерді терең қаузауға тырысқан. Ол үшін Хан сол аймақта және ондағы тұрғындармен көп уақыт өткізіп, зерттеп, байланыстар табуға тырысқан. Сол кезде ғана бір қағида немесе концепция пайда болады. Ханның сөзінше, «Кейде бұл сөздердің тізбегі немесе көз алдымнан жылт етіп өткен бір көрініс ретінде келеді», ол «алдымен дәлелсіз шешім не сипаттаусыз сезім ретінде пайда болып», жобаның идеясын жасауға және форма мен кеңістіктің даму процесін бағыттауға жетелейді. Бұл жөнінде ол: «Мен өзімнің ішкі сезімдеріме өнердің және дизайнның қайнар көзі ретінде жүгінемін», — дейді. Мұны актерлікпен салыстыра отырып, ол орынның мінезін іздеуді, содан кейін жаңа нәрсе жасау үшін импровизацияға бару керегін айтады: «Мен орын ретінде ойланғым келеді. Оның санамды жаулап алуына мүмкіндік бергім келеді. Сол жердің өзі боламын. Бұған уақыт қажет. Қандай да бір сәтте мен «кімге айналуым керек?» деген сұраққа жауап таба аламын. Бұл оңай процесс емес, әрі оны түсіндіріп бере алмаймын, бірақ бұл — мен міндетті түрде жауап беруге тиісті ішкі қажеттілік. Бүгінде мен жобаларды тек осы өлшемге сүйене отырып таңдаймын: олар маған жақын болып, мен үшін терең мәнге ие болуы керек. Егер мен ең дұрыс жауапты тапсам, ол жауаптар өзгелер үшін де құнды болады».

Ханның тәсілі орнымен үндестікке жетуге, оның дәстүрлері мен үнін қазіргі шындықтың өлшемі арқылы қабылдауға бағытталған, Ақырында ол бір дүниелерді жаңа туындыға айналдыруға тырысады. Екінші кезекте ол архитектура шеберханасында зерттеу арқылы қол жеткізетін диахрониялық деңгейдегі түсінікке ұмтылады. Кей жобаларда бұл ғимаратты жаңа ауқымда және жаңа мәнерде қайта пайымдау үшін жергілікті дизайнерлер мен суретшілермен өзара әрекеттесуді, орынды және оның мәдениетін қалыптастыратын нышанды нысандар мен формаларды іздеуді, сосын осы жерге тән қолөнер мен материалдармен жұмыс істеу әдістерін тыңғылықты зерттеуді білдіреді. «Целинный» жобасында мұндай зерттеу мен орынмен байланыс ұзаққа созылған құрылыс, реконструкция мен жобалау кезеңімен қатар жүрді. Осы процестер кезінде Хан Қазақстанда ұзақ болып, Зәуре Айтаевамен өмірде де, жоба аясында да тығыз қарым-қатынас орнатты.

Көрме бұлтты архитектура ретінде құрып, болашақ қалаға жаңа ірге салуға жасалған талпыныстың өзегінде жатқан жеке жол мен шығармашылық ізденіс туралы баяндайды. Мұнда Асиф Ханның шығармашылық әдісін көрсететін ой үзіктері мен жобалау процесін бейнелейтін сәттер ұсынылған. Онда идеялар көктен жерге қарай қозғалып, материя арқылы жүзеге асады. Студия ішінде Ханның жобалары идеядан я терең сезімдерден жылдам жасалған сызбаларға, сосын модельдеуге өтіп, инстинктивті түрде дамиды. Хан идеяны суреттен немесе модельдеуден таппайды. Тек сол суреттер арқылы өз ішінде бұрыннан қалыптасқан ойды бейнелейді. Кейін бұл идеялар жылдам эскиздер арқылы дамып, пайда болады. Ал олар көп жағдайда компьютер экранында немесе үстелде үлгі ретінде сызылады. Әдетте алдымен сол жерде өңделген материалдар пайдаланылады, кейін кез келген ойға келген материал қолданылып, бастапқы идеяға қаншалық сәйкес келетіні және сапасы тексеріледі.

Хан шеберхана ішінде идеяларды модельдеуі бірнеше күнге созылады және ол алуан түрлі материалдарды қолданады. Осы тұста Хан студиясындағы шеберханасы үлкен кеңселердей ауқымды екенін атап өткен жөн. Ағаштан немесе картоннан жасалған модельдерден бастап, 3D-баспаға не гипстен құюға дейін — шеберханада модельдеу жұмыстары жиі жақын маңдағы да, шалғайдағы да шеберлер мен технологиялардың қатысуын талап етеді. Материал технологиясы, белгілі бір визуалды эффект немесе құрылым идея жүзеге асқанша жетілдіріледі. Ал егер бар технологиялар жеткіліксіз болса, Хан өзінің кеңістіктік және формалды концепцияларын толыққанды бейнелеу үшін жаңа технологияларды жасауға ұмтылады. Эскиздер, модельдеу, әріптестік пен құрылымдық және материалдық технологияларды қолдану арқылы ауқымды идеялар материалдық және кеңістік тұрғысында жүзеге асады.

«Целинный» редизайнында өзгерісті қажет еткен басты концепция — жаңғырта алар мифтік күшке ие бұлтты жасау болды. Мұны қалай жүзеге асыруға болатынын түсіну үшін Хан бірнеше зерттеу жүргізді: алдымен фойеде бұлт пішініндегі ақ антресоль жобалады (Сидоркин қайта табылғанға дейін), кейін көкті жерге түсіретін алып еңіс айна фасадын ұсынды, ал соңында — тік иілген ламельдерді қойды. Олар бір қатарға орналасып, біртұтас нәзік экран жасайды. Бұл жаңа фасад ғимараттың бастапқы түссіз әйнегін және осьтік бағытын сақтай отырып, қаланың көрікті жерін іштен шолуға мүмкіндік берді. Элементтердің қазіргі пішіні жеке-дара да, өзара да бір-біріне үндесіп, қозғалыс үстінде өзгеріп отыратын визуалды эффекті туғызады. Олар қозғалғанда немесе бұрыштан қарағанда біртұтас тірі формаға айналады. Өз пішінін үздіксіз өзгертіп тұратын бұл жаңа ақ беткей жерге жай жанасып, қалқып тұрғандай сезім тудырады. Ламельдерді Хан бұған дейінгі жобаларында да қолданған. Мәселен, 2016 жылы Лондондағы Кенсингтон бағындағы Serpentine жазғы павильонын және 2017 жылы «Астана ЭКСПО» көрмесіндегі Ұлыбритания павильонын айтсақ болады. Енді мұндай жеңіл әрі иілген элементтердің идеясы жетілдіріліп, құрылымдық жағынан да, концептуалдық тұрғыдан да өз әлеуетін толық ашып отыр. Олар ұдайы жанды әрі өзгеріп тұратын шексіз кеңістік тудырады. Бұл жаңа қарқын пішін және кеңістік концепциясы тұрғысынан да кинотеатрдың текше пішіндерімен айқын, бірақ нәзік қайшылық қалыптастырады.

Жаңа фасадтың пішіні де редизайнның негізгі тұжырымымен (көк пен жерге) үндеседі. Қозғалыс пен жарыққа толған фасад элементтері динамика үстінде көктің күшімен қалыптасқан жердің тірі бөлшегі — шөпті тербеткен самал желді еске түсіреді. Фасадта бейнеленген бұлт ғимаратты құшағына қысып, оның өткенін сақтай отырып, жаңғыртады. Ол бұрынғы патшалық Ресей мен Советтік монументалды урбанизм қабаттарына қарсы тұрып, оларды қайта ой елегінен өткізетін жаңа сезімталдық пен ауқымды дарытатын формалды механизмге айналады. Нәзік, үйлесімді әрі адамға жақын формалар бір жағынан адам денесінің өлшемімен үндесіп, екінші жағынан шексіздікті (дала мен оның шексіз аспанын) меңзейді.

Қабырғадағы қасбеттер бұлт тұжырымын жалғастыра отырып, қазақ мәдениетінің өткеніне көз жүгіртіп, дәстүрлі қазақ өнерінің формалары мен символдарын қайта жаңғыртады. Бұл мотивтер ғимарат ішінде Сидоркиннің жазбалаларында да бар және бұл бірнеше жыл бұрын Сидоркиннің ұлы Вадим ғимараттың сыртында жалғастырып жазған түсіндірмелермен үндеседі. Енді өткеннің формалары қасбетте абстрактілі символдар мен заманауи петроглифтер түрінде қайталанып, ғимаратқа таныс, сондай-ақ ашық стиль дарытады. Бұл мотивтер ғимаратты байытып, мәдени жадыны қазіргі өрнекпен байланыстыратын заманауи әшекейге айналады. Олар жаңадан салынған оңтүстік және солтүстік қанатын безендіретін жаңа ою тілін қалыптастырып, өткен мен бүгінді ғимараттың бүкіл болмысында үндесетін визуалды тіл арқылы жалғайды.

Ғимарат ішіндегі гипсокартон астында қалып, жоғалды деп саналған Сидоркиннің фрескасы да, аса ұқыптылықпен қайта қалпына келтірілді. Фрескаға бұлай қарау реконструкция кезінде қолданылған өткенге деген шетін көзқарасты көрсетеді. Оны қайта келтіруден бөлек, бұрынғы жөндеулер кезінде бүлінген ғимараттың үлкен бөліктерінің, сондай-ақ ондаған жыл бойына жөндеу кезінде шамадан тыс жағылған бояу қабаттарының мәселесін шешу маңызды болды. Ендігі мақсат фресканы жай ғана қалпына келтіру емес, бастапқы күйіне келтіру болды. Жағылған бояу қабаттары бастапқы қалпына келгенше алынып, тазартылды, бірақ алғашқы эффектіні қайталау үшін қайта сырланған жоқ. Керісінше, көзге ұрмайтын, бірақ жылы түстер гаммасымен фон ретінде ғимараттағы басқа өнер туындылары мен идеяларды көлегейлемеу үшін бейтарап күйде қалды. Ондаған жыл бойына жоғалған фрагменттер қалпына келтіріліп, түпнұсқадан өзгеше мәнерде сырланды. Осылайша қирандылар мен сызаттар жасырылмай, керісінше көзге көрініп тұруы үшін, сол күй қалды. Егер оны осы қалпында қалдырар болса, бұл жаңа идеялармен келген келешек ұрпаққа өз уақытына сай сырлауға мүмкіндік береді.

Дәл осы идеялар мен қағидаттар кеңістікті ұйымдастыру ісінде де көрініс тапты. Интерьердің бастапқы кеңістік сипаттары сақталып қалғанымен, олар да қайта ой сүзгісінен өтті. Үлкен фойе өзінің ашық қалпына келтірілді, бірақ ондағы тірек бағаналар алынып тасталды.  Ал кинотеатрдың текше кеңістігі өнер мен перформансқа арналған жаңа орын ретінде қайта жобаланды. Дегенмен, екі кеңістікте де тарихи тұрғыда үстем болған бірбағыттылық пен бақылау орнын көпфокусты және көпбағытты көзқарас алмастырды. Фойе енді әлеуметтік қарым-қатынас орнататын жалғыз орны емес. Ол сондай-ақ түрлі кездесулерге, айталық, қос ғашықтың кездесуіне, сондай-ақ шағын басқосуларға мүмкіндік беретін кеңістікке жол ашады. Кинотеатрдың ішіндегі көпшілікке бір көзқарасты жеткізетін бірбағытты кино тәжірибесі сыйлайтын кеңістікті, енді араластыққа және қызықты қойылымдарға мүмкіндік беретін кеңістік алмастырады. Кеңістікке түсетін жалғыз жарық, ғимарат ішін біртұтас етіп көрсетеді. Олардың арасындағы баспалдақтар мен кедергілерді алып тастау кеңістіктің өзінен туындайтын бақылаудан гөрі қолжетімді әрі тең қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.

Алматының көпқабатты тарихын түсініп, сараптауға бағытталған сыни ізденісінде «Целинный» жобасы, Ханның архитектуралық ортаға тарихи тұрғыдан сіңірілген отаршылдық өткенді және билік теңсіздігін пайымдауға көбірек назар аударған кейінгі жобаларының қатарына қосылды. Аймаққа деген құмарлық, оны терең түсінуге деген ұмтылыс, идеяны жүзеге асыру үшін технологиялық шекті кеңейту, сондай-ақ билік құрылымдары және дәстүрмен қатынастарды қайта ой елегінен өткізу үшін архитектураны құрал ретінде пайдалану — Ханның шығармашылық және архитектуралық жасампаздығының негізі осылар. «Целинный» жобасында бұл қағидаттар жаңа серпінмен, айрықша ауқыммен және айқындықпен көрініс тауып, болашаққа үлгі болып қалды.

No items found.