Garage x Tselinny teens
Қатысуға 13-19 жас аралығындағы жасөспірімдер шақырылады.
1 сабақ: «Метафораны қалай ойлап табуға болады» Мадина Жолдыбековамен бірге
12 шілде, жексенбі 17:00 - 18:00 (Алматы уақытымен)
Бірінші сабақта қатысушылар суретші Мадина Жолдыбековамен (@madikendraws) бірге метафора ұғымымен танысып, оны иллюстрацияда қолдануға тырысады. "Метафораның дәмін татып, бояуын көреміз, әр жағынан тістеп, иісін жұтамыз. Біз қызанақ пен қиярдан, шаршы мен шеңберден, жираф пен әтештен метафора жасаймыз. Шеберлік сыныбына қатысушылар қиялын шыңдап, әлемге қызығушылық танытуға үйренеді”, - дейді Мадина.
Мадина Жолдыбекова mixed media техникасы негізінде сурет салады. Ол өзінің иллюстрацияларында ана болу, «келін атану» және Қазақстандағы басқа да әйелдердің рөлі туралы пайымдап, мемлекетпен төл қатынастарын зерттеп, өзін қоршаған ортадағы шындықты скетчтар бетіне түсіреді. Rocket Firm Digital Agency, OYLA ғылыми-көпшілік журналы, Мегаплан, Central Asian Youth Network ЕҚЫҰ-да жұмыс істеді.
2 сабақ: «Камера астындағы театр» Анна және Виталий Черепановтармен бірге
18 шілде, сенбі 17:00 - 18:00 (Алматы уақытымен)
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы «Гараж» мұражайымен бірге жасөспірімдерге арналған ашық онлайн-шеберханалар сериясын жалғастыруда. Бұл жолы ресейлік суретшілер Анна және Виталий Черепановтармен бірге қатысушылар онлайн-перформансқа қатысып, ерекше көркемдік тәжірибелермен танысып, деректі бейне-өнерге ден қояды.
Суретшілер Анна мен Виталий Черепановтар 2014 жылдан бастап қалалық веб-камераларда түсірілген бейнелер сериясы (2019 жылы жоба «Инновация» қазіргі заманғы өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың шорт тізімен енді) «Камера астындағы театр» жобасымен жұмыс істеуде. Көбінесе бұл бейнелер Черепановтардың перформанстарын, бірақ кейде басқа адамдардың немесе жануарлардың әрекеттерін, ауа райы жағдайын немесе басқа да дүниелерді құжаттайды. Шеберлік сабағында суретшілер өздерінің бейнежұмыстарын көрсетеді, “Камера астындағы театр” туралы толығырақ тарқатып, мұндай бейнелерді қалай түсіруге болатынын айтады, сондай-ақ Zoom бағдарламасы арқылы жасауға болатын бірлескен әрекеттер/перформанстардың бірнеше қарапайым сценарийлерін ұсынады. Үш күннен кейін барлық қатысушылар өңделген бейнежұмыстың сілтемесіне қол жеткізеді.
3 сабақ: «Артем Филатовпен Нижний Новгород өнеріне саяхат»
25 шілде, сенбі 17:00 - 18:00 (Алматы уақытымен)
Үшінші сабақ барысында қатысушылар суретші және «Нижний Новгород көше өнерінің қысқаша тарихы» кітабы авторларының бірі Артем Филатовпен бірге заманауи Нижний Новгород өнерінің контексіне сүңгіп, “Тихая” шеберханасына виртуалды саяхат жасап, оның резиденттерімен танысып, жібекбаспа білдегінің жұмыстарына назар салып, көркемдік жобаға ат салыса алады.
Артем Филатов — суретші, куратор. Нижний Новгород тарихы және мәдени ландшафтымен өзара әрекеттесуге негізделген нысандардың, инсталляциялар мен жобалардың авторы, ол қатарда «Новый Город: Древний» (2014-2016) атты көше өнері фестивалі мен «Обратно домой» (2017) көрмесі бар. 2019 жылы суретші Алексей Корсимен бірге Нижний Новгород крематориясының аумағында «Сад им.» жобасын ашты. Өнер саласындағы көптеген марапаттың лауреаты. «Тихая» — бұл Нижний Новгородта тұратын және жұмыс істейтін: Александр Лавров, Антон Мороков, Андрей Оленев, Елена Топтунова, Артем Филатов, Яков Хорев және Владимир Чернышев сынды суретшілерді біріктіретін өнер шеберханасы.
Шеберхана тұрғындарының көпшілігі Нижний Новгород көше өнерімен тікелей байланысты, Нижний Новгород және ресейлік галереялармен әріптестік орнатып, Ресейде және шетелде көрме жобаларына қатысады.
4 сабақ: «Ғайша Мадановамен өнердегі элементтерді түрлендіру»
1 тамыз, сенбі 17:00 - 18:00 (Алматы уақытымен)
Ғайша туындылардың бір сәтте кеңістікте бар болып, бірақ оларды көрермендердің көзіне қалай көрінбейтінін баяндайтын болады. Суретші сонымен қатар қатысушыларды өз туындыларын жасау үшін қолданатын брейнмеппинг техникасымен таныстырады: брейнмеппинг заттарды индикаторлауға және көркемдік тәжірибелер мен қызықты мотивтерге референстер жинауға көмектеседі. Қатысушылар суретшімен бірге өнерге деген көзқарасты өзгертетін өнер тарихындағы көркемдік тәжірибелерді де талқылайды.
Ғайша Маданова – алматылық суретші, ол әртүрлі медиамен және техникалармен жұмыс істейді (баспа, нысандар, сандық медиа, инсталляциялар). Оны бақылау тақырыптары, ішкі “меннің” көрінісі ретіндегі дене, түрлену мен орын ауыстыру стратегиялары қызықтырады. Алматы құрылыс және басқару колледжі мен Мюнхен өнер академиясын тәмамдаған. Халықаралық Artpologist арт-коллективі мен өнер туралы қазақстандық тұңғыш концетуалды ALUAN журналының негізін қалаған, жас суретшілерге арналған WHW Akademija (Загреб) тәуелсіз бағдарламасына қатысқан. Туындылары 4-ші Мәскеу халықаралық жас өнер биенналесінде, PERMM (Пермь) заманауи өнер мұражайында, сондай-ақ Еуропа, Орталық Азия және Оңтүстік Американың әртүрлі қалаларындағы көрмелерде қойылды. Германияда тұрады және жұмыс істейді.