Himoya: Ана тегінің қуаты, киелі байланыс

Әртүрлі тіл дәстүрлерінде Himoya қорғаныш, баспана, жебеп-желеу және осалдыққа қорған болу сынды мағынаға ие. Бұл түсінікті жаңаша пайымдай отырып, көрме, оның жүзеге асқан зерттеуі, уоркшоптар мен білім беру бағдарламалары сәуегейлік білім беру жүйелері мен ата-баба даналығына заманауи мәдениет өндірісі мен көркемдік практиканың шоқжұлдызы ретінде жүгінеді. Himoya тілден, әдет-ғұрыптар мен жергілікті өмір салтынан түпкілікті түрде айрылу жағдайында бой көрсететін отарлық қайшылықтар, идеологиялық тұрғыда жою және азаматтық қуғын-сүргінді бір сәтте ой елегінен өткізе отырып, ана тегімен жалғасын табатын қуат көзі, анти-империялық космологиялар әрі экологиялық қорғау қатынастарымен қайта көркемдік қарым-қатынас құрып, тоғысатын жолдарды айқындайды. Аталған тақырыптармен белсенді жұмыс істейтін 20 өнерпаз арнайы ұсыныспен әрі кеңістік ерекшеліктерін ескере отырып жасалған жаңа туындыларын, сондай-ақ бұған дейін жүзеге асқан жұмыстарын ұсынады.
Көрме аналық және туыстық, сопылық және зороастризм практикалары, бақсылық дәстүрлер, экологиялық қамқорлық әрі ортақ болашақты елестетудегі анти-империялық тәсілдерге мойын бұратын көркемдік тәсілдердің шоқжұлдызы арқылы бағыт алады. Тәңірдің жанды дәстүрлері, ежелгі түркі космологиялары және әртүрлі географиялық аймақтардың сантүрлі рухани практикаларынан шабыт алған Himoya патриархалды зорлық-зомбылық, саяси тұрақсыздық, экологиялық күйреу және жад пен тиесілі болу сезімі үшін күрес айқын білінетін уақытта өнер сәуегейлік әрі қорғаныш күші ретінде қалай әрекет ете алатынын зерделейді.
Мүсін, қозғалмалы бейне, инсталляциялар, кескіндеме, тоқыма, перформанс пен дыбыс арқылы қатысушы өнерпаздар ұят, көші-қон, тарихи жаралар, қоғамдық өзгерістер мен ұжымдық тіршілік мәселелеріне назар салады. Олар бірлесе отырып, өзара ықпалдастық, тағзым ету дәстүрлері, әділетті қалпына келтіру және әйелдік жад арқылы қарым-қатынастың балама формаларын ұсынады.
«Целинный» заманауи мәдениет Орталығының көркемдік директоры Әлима Қайрат:
«Целинный үшін Himoya 2021 жылы басталған әңгіме — ана тегі арқылы жалғасатын жад, әдет-ғұрыптар, қорғаныс және тіл арқылы жеткен ұят пен қамқорлық сынды тақырыптардың біртіндеп өрбуінің шарықтау шегі деуге толық негіз бар. Аталған тақырыптар ата-баба ілімі осы шақты қалыптастыруды жалғастырып, болашақты пайымдаудың жаңа тәсілдерін ашатын Қазақстан мен Орталық Азияның шынайы өмірінде терең тамыр тартқан» дейді.
Diogo Passarinho Studio (Диого Пассарино және Гонсало Рейнолдс командасы) жасаған көрме дизайны кеңістік шешімі ғимараттың кеңестік кезеңдегі кинотеатр болған тарихымен үндесіп, оны империялық емес проекция, ортақ тіршілік кешу және еркін қиялдың кеңістігі ретінде қайта пайымдап, Orta кеңістігі (көрме алаңдары) арасында өзара байланыс орнататынын әрі жаңа мағыналар тудыратын топографияны қалыптастыру мақсатында оны алуан түрлі материалдық пішіндермен толықтырады. Himoya «бұлт тектес» архитектурада әлеуметтік өрнектер нарративі мен жүзеге асқан білім формаларының циркуляциясын құрайды.
Көрмеге қатысушы өнерпаздар: Ахмед Умар, Алмагүл Меңлібаева, Ана Мария Милян, Ариз Катки, Әзиза ҚадыриЧитра Сасмита, Гүзел Зәкір, Хегу Ян, Хоа Дунг Клерже, Жазгүл Мадазимова, Нара Бейбіт, NAOMI, Ойжон Хайруллаева, Радина Ясуева, Раджни Перера, Ритика Пандей, Тания Петерсен, Умида Ахмедова, Еламан Мұхтархан, Зилола Саидова
Наташа Гинвала — куратор, зерттеуші және жазушы. 2022 жылдан бастап ол «Целинный» заманауи мәдениет Орталығы Сарапшылар кеңесінің мүшесі. Гинвала Шри-Ланкадағы Colomboscope көркемдік директоры және TBA21—Academy (2026-08) Current V: Ancestral Ocean жобасының кураторы. Бұған дейін ол Берлиндегі Gropius Bau (2018-2024) қауымдастырылған кураторы болды және 13-ші Кванджу Биенналесінде (2021) бірлескен көркемдік директор қызметін атқарды. Ол Шаржыда өткен 16-шы Биеннале (2025), 8-ші Contour Биенналесі, documenta 14 (2017), 8-ші Берлин заманауи өнер Биенналесі (2014), 2012 жылы өткен Тайбей Биенналесінде кураторлар командасы мүшесі болды, ал 2011 жылдан бастап көптеген халықаралық көрме, форум және білім беру бағдарламасына кураторлық етеді. Гинвала — заманауи өнерге, визуал мәдениет, бейотар ой мен әлеуметтік әділдікке арналған бірқатар басылымдардың авторы.



