Бетон хикаясы

26.07
Кино
ORTA 3

HBO арнасының әйгілі «Джон Уилсон ұсынған пайдалы кеңестер» (ағылш. How to with John Wilson) комедиялық деректі сериалының авторы ұсынатын толықметражды дебют. Конвейерлік романтикалық комедияларымен танымал Hallmark арнасына арнап сценарий жазу мен фильм сатудың қыр-сырын үйрететін шеберлік сабағына қатысқаннан  кейін режиссер Джон Уилсон қала өмірінің ең маңызды элементінің бірі — бетон туралы деректі фильм идеясын сатуға тырысады. Әлде, фильм мүлдем басқа дүниені қаузай ма?

Мұндай тақырыптағы фильмнің қалай күлкілі әрі қызық болуы мүмкін екенін елестету қиын – алайда Уилсонның төл ойларын таңғажайып кино-саяхатқа айналдыру дейтін өзіне тән қабілетінің арқасында бұл оның қолынан келді. Режиссер көрерменді Ежелгі Римнен бастап тротуардағы сағызды кетіру технологияларына дейінгі деректердің «ініне» жетелеп, қаланың күнделікті өмірі мен абсурд кездейсоқтықтарды бақылап, шығармашылықтың индустрия мақұлдауынан тыс құндылығы туралы философиялық ойға жетелейді. 

«Бетон хикаясы» – Sundance-2026 фестивалінің атышулы деректі фильмдерінің бірі.

No items found.