Менің өтірікке уақытым жоқ

09.07–12.07.2026
Кино
Целинный

Динара Асанова үнемі тыңдауға қабілетті бола бермейтін адамдар туралы кино түсірді. Яғни жасөспірімдер, ересектер, отбасылар, мұғалімдер, ата-аналар — жалпы бір-бірімен сөйлескісі келсе де, ортақ тіл табыса алмайтын жандар туралы. 

Оның фильмдерінде кімнің дұрыс, кімнің кінәлі екенін анықтап, бөлу жоқ. Асанова әркімге — жаралайтындарға да, жараланатындарға да; махаббат талап ететіндер мен оны қалай беру керегін білмейтіндерге де мұқият көз тастайды. Оны кикілжіңнің өзі емес, оның ішіндегі тірі, қырсық, дағдарған, қыңыр адам қызықтырады. 

Оның киносы тыныш көрінеді, десе де үнемі  іштей бір шиеленіс бар. Қарапайым әңгімелер, мектеп дәлізі, отбасыдағы көріністер мен күнделікті тұрмыста тікелей айтуға келмейтін әлдене бірте-бірте бой көрсетеді. Ол жалғыздық, шаршау, қорқыныш, нәзіктікке қажеттілік және өзді–өзімен болу хақы болса керек. 

Бұл ретроспектива — Динара Асанованың фильмдерін ересек болу, махаббат, дерт пен өтірікте өмір сүрудің мүмкін еместігін әділ әрі өте адами әңгіме ретінде тамашалаудың таптырмас мүмкіндігі.

No items found.