Импровизация бойынша балаларға арналған «Дөңгелек әлем» сабағы

8–14 жастағы балаларды импровизация бойынша «Дөңгелек әлем» сабағына шақырамыз.
Бұл ойын сабағында балалар қозғалыс және нысандармен жұмыс істеу арқылы импровизация негіздерімен танысады. Бәріміз бірге қарапайым реквизит — теннис добының көмегімен дене, зейін және қиялды зерттейтін боламыз.
Сабақтың бірінші бөлімінде қатысушылар доппен ойын тапсырмаларын орындайды: доптың салмағын, температурасы мен сипаттамасын байқап, кеңістікпен және бір-бірімен өзара байланыс орнатады. Екінші бөлімде топ доп жоғалып кететін, бірақ тапсырмалар дәл сол күйінде қалатын жаңа кеңістікке өтеді. Балалар дене, қиял және іштен қимыл тудыру қабілеттерін дамытып, қиялдағы нысанмен жұмыс істейтін болады.
Сабақ балалар тек қозғалысты орындап қана қоймай, сезіну, фантазияға ерік беру және бір-бірімен байланыс орнатуды үйренуге негізделген. Форматы – жеңіл, шығармашылық және кез келген дайындық деңгейіне сәйкес келеді.
Сабақты «Самұрық» заманауи би театрының әртісі, тәуелсіз хореограф және режиссер — Гүлсая Таурханова өткізеді.
Сабақ 19 сәуір 15:00-де өтеді. Ұзақтығы — 2 сағат. Қатысу құны — 6000 теңге. Кездесу Алматыдағы Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтіп, орталықтың бірінші қабатында жалғасады.