In Betweens: Chantal Akerman Retrospective

Шанталь Акерман — қазіргі киноның маңызды тұлғаларының бірі. Оның жұмыстары киноның уақытпен, кеңістікпен және күнделікті өмірмен қалай жұмыс істей алатыны туралы түсінікті түбегейлі өзгертті. Оның фильмдері өзіне тән көру тәсілін ұсынады: дәл ритм арқылы, мұқият бақылау арқылы және әдетте көзге түсе бермейтін жайттарға назар аудару арқылы.
Ретроспектива оның әртүрлі кезеңдері мен тәсілдерін көрсететін бірнеше маңызды фильмін қамтиды. Олар тұрмыстың қатаң құрылымдарынан бастап, қозғалыс, қашықтық және өмірде өз орныңды табу туралы фильмдерге дейінгі бағыттарды ашады. Бұл оның кең әрі алуан қырлы шығармашылығының аз ғана бөлігі болса да, Акерман киносының негізгі бағыттарын және оның көркемдік көзқарасының қалай қалыптасқанын көруге мүмкіндік береді.
Ретроспектива Қазақстандағы Бельгия Корольдігі Елшілігінің, «Целинный» заманауи мәдениет орталығының және Chantal Akerman Foundation қолдауымен өткізіледі.