«Заманауилықты іздеу: бүгінгі Қазақстан әдебиеті»
Бұл қазақстандық әдебиет әлемінен ұстаздар, ақын-жазушылар, редакторлар қатысатын ауқымды шара. Күні бойы 12:00-ден 20:00-ге дейін біздің дәрісханада тақырыптық дәрістер, баяндамалар, поэзиялық оқулар мен пікірталастар өтеді. Қазақ және әлем әдебиеті туралы әңгімелеп, сарапшылардың баяндамалары мен пікірлерін тыңдаймыз.
Қатысушылар: Дмитрий Мельников, Павел Банников, Рамиль Ниязов, Иван Бекетов, Иван Полторацкий, Виктория Торстенсон, Юрий Серебрянский, Қанат Омар, Алексей Швабауэр, Иван Полторацкий, Зоя Фалькова, Ардақ Нұрғазыұлы, Әнуар Дүйсенбинов, Рүстем Мырзахметов.
КЕСТЕСІ:
12:00 - 13:00: “Заманауилықты іздеу: Қазақстандағы орыс әдебиетінің метатілі мен поэтикасы” дәрісі. Дмитрий Мельников, философия магистрі (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Вильнюс университеті), Еуразиялық зерттеулер магистрі (Назарбаев Университеті). ҚазМЗУ университеті Жоғары экономика мектебінің аға оқытушысы. Зерттеудегі қызығушылықтары: дін философиясы, қазіргі орыс әдебиеті, уақытты, жады мен жараны пәнаралық зерттеу. Принстон және Кембридж университеттеріндегі конференцияларға қатысқан.
13:15 - 13:30 Поэзия. Павел Банников, Поэт, эссеші. Қазақстандық жазушылардың бірнеше шығарма жинағы мен түпнұсқа кітаптарын құрастырушы, редакторы және баспагерлердің бірі. «ышшо Одын" (2009) антипериодтық басылымның, «Созыв» ( 2012 ж бастап) поэтикалық фестивалінің, «Полифония» (2014 ж бастап) әдеби фестивалінің негізін қалаушылардың бірі. 2009 жылдан «ЛитератуРРентген» жүлдесін ұсынушылар коллегиясының мүшесі. Екі рет “Дебют” жүлдесінің лонг-тізіміне кірген. Аркадий Драгомощенко атындағы жүлдеге үміткерлер коллегиясының мүшесі. Алматы Ашық Әдеби Мектебінің мұғалімі (ПоЭзИЯ семинары).
13:30 - 13:45 Поэзия. Рамиль Ниязов, Ақын, суретші, Artbat FEST 8 аясында өткен «Sexuality. Waiting to upload» " «Act of creation» жас суретшілер көрмесінің қатысушысы, «Лиеггатурра» журналы мен «Под одной обложкой» куир-поэзия жинағында жарық көрген.
13:45 - 14:00 Поэзия. Иван Бекетов, Ақын.
14:00 - 14:15 Поэзия. Иван Полторацкий, Ақын филолог, оқытушы. Ресейде, Украинада және Қазақстанда әртүрлі журналдарда жарияланған. Төрт поэзия кітабының авторы. СО РАН филология институтында жұмыс істейді.