Инклюзивті музыкалық практика: педагогтерге арналған кездесу

29.04.2026
Дәріс, Пікірталас
Целинный

29 сәуір Целинныйда инклюзивті музыкалық практика мен Drake Music Scotland әдіснамасына арналған музыкалық білім беру саласындағы педагогтер мен мамандар үшін кездесу өтеді.

Классикалық шеберлік сабағынан айырмашылығы, бұл кездесу кәсіби танытым және талқыны қамтиды. Музыкалық процесске қатысу аясын кеңейтетін инклюзивті музыкалық практика тәсілдері, инклюзивті орта қалыптастыру қағидалары мен жұмыс әдістері басты назарда.

Кездесу барысында қатысушылар кейстер және видеофрагменттермен танысып, ашық фасилитацияланған пікірталас форматында практикалық және әдіснамалық мәселелерді талқылайды. Бұл — Drake Music Scotland жұмысы туралы көбірек білуге ғана емес, сондай-ақ мұндай тәсілдерді өз педагогикалық контексіне қалай бейімдеуге болатынын сөз етуге таптырмас мүмкіндік.

Кездесу ұзақтығы — 90 минут. Қатысушылар саны — шамамен 20 адамға дейін.

Кездесуді Пит Спаркс (Pete Sparkes) өткізеді. Іс-шара тілі — ағылшын тілінде, орыс тілінде аударма қарастырылған. Танытым 29 сәуір 11:00-де Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Кіру тегін. Тіркелу сілтемесі.

No items found.