«Қашқын сөздер, қуғыншы суреттер» инклюзивті сабақтар циклі

01.08–06.08.2026
Уоркшоп
Целинный, Ателье

9–14 жастағы балаларды инклюзивті поэтикалық зертханаға шақырамыз. 

Зертхана бәрі үшін ашық және аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларға бейімделген. Цикл төрт жеке-дара сабақтан тұрады: кез келген кездесуге қосылуға немесе тұтас бағдарламаны толық өтуге болады.

Алғашқы екі сабақта қатысушылар сөз, дыбыс және ырғақпен ойнайды. Біз бірге өлең ат тұяғының дүбіріндей естіле ме, поэзияда міндетті түрде үйреншікті мағына болуы керек пе және мәтін жалпы неден туатынын түсінуге тырысамыз. Танымал ақындардың тәсілдеріне назар салып, оларды практикада байқап көреміз, сондай-ақ төл өлең жазу тәсілімізді ойлап табуымыз мүмкін. 

Үшінші және төртінші сабақта жазылған мәтіндер стоп-моушен-анимация негізіне айналады. Қатысушылар кадрлық түсірілімнің негізгі қағидаларымен танысып, өз мәтіндеріне визуалды образ ойлап тауып, қысқа анимациялық жұмыс жинақтайды. 

Сабақты суретші Виолетта Богданова мен психолог Ангелина Марчукова өткізеді. 

Бағдарлама

1 тамыз, сенбі, 11:00–13:00
Өлеңдер. Бірінші сабақ

Сөздер, дыбыстар және ырғақпен танысамыз. Ойын, ассоциациялар және қарапайым шығармашылық жаттығулар арқылы өлең жазып көреміз. 

2 тамыз, жексенбі, 11:00–13:00
Өлеңдер.Екінші сабақ

Поэтикалық тілмен эксперимент жасауды жалғастырып, әртүрлі авторлық тәсілдерге жүгініп, төл мәтіндерімізді жазамыз.

5 тамыз, сәрсенбі, 14:00–16:00
Анимация. Бірінші сабақ

Стоп-моушенмен танысып, жазылған мәтінді қозғалыс, бейне және кадрлардың сабақтастығына қалай айналдыруға болатынын ойлап табамыз. 

6 тамыз, бейсенбі, 14:00–16:00
Анимация. Екінші сабақ

Зертхана барысында жазылған мәтіндер негізінде қысқа анимациялық мәтіндерді жинап, түсіреміз. 

Сабақтар Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Тіркелген қатысушыларға кіру тегін. Сабақтар орыс тілінде өтеді. Тіркелу сілтемеде қолжетімді.

No items found.