Институционалдықтан тәуелсізге: заманауи жарияланым практикалары

08.08.2026-09.08.2026
Дәріс, Уоркшоп, Пікірталас
Atele

8 және 9 тамыз 12:00-ден 17:00-ге дейін «Целинный» заманауи мәдениет Орталығы тәуелсіз басылым, ұжымдық жазу және жарияланымдардың заманауи көркемдік формаларына арналған екі күндік бұқаралық бағдарламаға шақырады. Бағдарлама — зерттеу жобалары танытымын, дәрістер, сондай-ақ зин жасау бойынша практикалық уоркшоптарды қамтиды.

8 тамыз бағдарламасы:

12:00 — Ал енді өзіміз шай ішейік! «Отбасылық этнография немесе өз жазуыңды қалай отарсыздандыруға болады» курсы әйел жазушылары жинағының танытымы.

14:00 — Горизонт онлайн-антологиясының танытымы

15:00 — Ален Лидің «Artist’s Books туралы әлдене» дәрісі

9 тамыз бағдарламасы:

12:00–14:00 — öziñ zine ұсынатын (1 лек) «Өшірілген және табылғандар: жадпен жұмыс істеу бойынша зин-практика» уоркшобы

14:30–16:30 — öziñ zine ұсынатын (2 лек) «Өшірілген және табылғандар: жадпен жұмыс істеу бойынша зин-практика» уоркшобы

Іс-шаралар орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Кіру тегін. Уоркшоптар барлық қатысқысы келетін жандарға ашық. Алдын ала тіркелу талап етілмейді, орын саны шектеулі.