Графикалық дизайнға кіру нүктесі

Бұл курс — графикалық дизайнмен практика жүзінде танысып, аталған салада өзін сынап және оның қалай жұмыс істейтінін көргісі келетін жандарға арналған. 6 сабақ барысында сіз дизайнның негізгі принциптері — композиция, торлар, типографика және қаріптермен жұмыс істеу негіздерін түсініп, оларды іс жүзінде байқап көретін боласыз. Курс дайындықты қажет етпейді: сурет сала алу немесе белгілі бір тәжірибенің болуы міндет емес. Байқап көру және тәжірибе жасау ниеті ғана маңызды.
Әр сабақтан кейін нәтижеге қол жеткізесіз — бұл конспект те, сіздің дизайнерлік жаттығуыңыз да болатын ашықхат.
Курстың соңында сіз негізгі құралдарды меңгеріп қана қоймай, оқу, өз мәнеріңізді іздеу, дизайн саласында жұмыс істеу туралы ойланып, әрі қарай қалай қадам басу керегін де түсінесіз.
Кімге арналған: 16 жастан асқан қатысушыларға арналған — оның ішінде портфолио дайындап жүрген жоғары сынып оқушыларына, сондай-ақ мамандығын өзгерту туралы ойлайтын немесе дизайнды жаңа кәсіби бағыт ретінде қарастыратын ересектерге.
Курс жүргізушісі: Жанар Берекетова — суретші және дизайннан оқытушы. Британдық бакалавр бағдарламасын (University of Hertfordshire) графикалық дизайн бойынша аяқтаған. Мәскеудегі British Higher School of Art & Design, сондай-ақ Алматыдағы De Montfort University-де сабақ берген. Өнер және дизайн бойынша авторлық курстар жүргізеді, сонымен қатар InDesign бағдарламасында беттеуден сабақ береді. 2017 жылдан бастап заманауи өнер практикасымен айналысады. UAL (London College of Communication) магистранты.
Қатысу құны:
толық курс (6 сабақ) – 45 000 тг
бір сабақ – 8 000 тг
1 сабақ | 12 сәуір | Графикалық дизайн деген не?
Дизайнның басқа саладан ерекшелігі неде, «талант» керек пе және сурет сала алу міндетті ме екенін талқылаймыз. Сіздің дизайнға кіру нүктеңізді анықтайтын ашық хат жасаймыз.
2 сабақ | 19 сәуір | Композиция қалай және неге жұмыс істейді?
Композицияның 7 негізгі принципімен танысып, олардың тек дизайнда ғана емес, күнделікті өмірде қалай жұмыс істейтінін көреміз. Абстрактілі формалармен жаттығу жасап, визуалды мысалдарды талдаймыз.
3 сабақ | 26 сәуір | Модульдік жүйелер дегеніміз не?
Дизайнерге торлар не үшін керек және олар түсінікті әрі құрылымдық жұмыстар жасауға қалай көмектесетінін түсінетін боламыз. Торларды қолдана отырып, өз плакатымызды жасаймыз.
4 сабақ | 3 мамыр | Типографика қалай жұмыс істейді және ол не?
Беттеудің қалай жұмыс істейтінін, не үшін керек екенін, сондай-ақ ережелерге қарамастан икемді және жанды болып қалу себебі неде екенін талқылаймыз. Типографикалық иерархияға эксперименталды жаттығу жасап көреміз.
5 сабақ | 10 мамыр | Әріп қалай жұмыс істейді және қаріпті қалай таңдау керек?
Әріптер қалай жұмыс істейді, қаріпті қалай таңдау керек және олар дизайнда қандай рөл ойнайтыны туралы сөйлесеміз. Қаріптің сипаты және визуалды тілімен жұмыс істейміз.
6 сабақ | 17 мамыр | Өз контексіңізге негізделген дизайнды қалай үйрену керек?
Өз бетінше білім алу, университеттер, онлайн курстар және практика сынды мүмкін жолдарды талқылаймыз. Дизайн саласында жеке даму стратегиясын құрамыз.