«Бразилияның модернистік мұрасы: мойындау сәтінен бүгінгі күнге дейін» дәрісі
Сильвио Оксманның «Бразилияның модернистік мұрасы: мойындау сәтінен бүгінгі күнге дейін» дәрісіне шақырамыз.
1930-шы жылдардан бастап Бразилияның модернистік сәулет өнері мемлекеттік саясат аясында мәдени мұра ретінде мойындалды. Аталған жұмыстың жүз жылға жуық тарихы модернистік ғимараттарды сақтаудың қандай сауалдары әлі күнге өзекті және уақыт өте қандай тәсілдер пайда болғанын бақылауға жол ашады.
Сильвио Оксман Бразилия тәжірибесі туралы айтып, модернистік сәулет өнері құндылығы, оны сақтау тәсілдері мен мойындалған ескерткіштермен жұмыс істеу жайлы түсініктердің қалай өзгергенін айтып береді.
Сильвио Оксман — сәулетші және қала құрылысшысы, Сан-Паулу университетінің PhD және постдокторлық дәрежесіне ие, Metrópole Arquitetos сәулет бюросының серіктесі. Кейінгі 20 жылда реставрация жобалары және модернистік ғимараттарды сақтау жоспарымен айналысады. Keeping It Modern бастамасы аясында Виланова Артигас ғимаратын сақтау жобасын қолға алып, MASP конструкциясын сақтау жоспарын әзірлеуге жетекшілік етті. ХХ ғасыр мұрасын сақтау бойынша ICOMOS ғылыми комитетінің вице-президенті және Дүниежүзілік мұра нысандары номинациясын бағалауға қатысқан.
Дәріс 16 тамыз 14:00-де Масаншы көшесі, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Тіркелу бойынша кіру тегін. Дәріс ағылшын тілінде өтеді.