«Гүлфайрус Исмаилова. Кескіндеме мен сахна арасында» дәрісі

«Гүлфайрус Исмаилова. Кескіндеме мен сахна арасында» дәрісі ХХ ғасырдағы Қазақстан өнерінің ең жарқын тұлғасына арналады. Суретшінің шығармашылық жолы кескіндеме, сценография, кино, актерлік шеберлік пен вокалдық өнерді қамтиды.
Дәрісте біз Гүлфайрус Исмаилова төл көркемдік тілін қалай қалыптастырғанын қарастырып, оның театр мен кинематографиядағы жұмыстарын зерттеп, әртүрлі көркемдік дәстүрлердің оның кескіндеме туындыларына қалай әсер еткенін көреміз. Бұл суретшіге өз дәуірінің визуалды бейнесін анықтаған көп қырлы мәдени құбылыс ретінде көз тастау мүмкіндігі.
Лектор — Раушан Отан, театр саласында жұмыс істейтін зерттеуші, лектор және куратор.
Дәріс Tselinny After Hours-ке орай өткізіледі және келушілерге ашық. Іс-шара 27 маусым, сенбі, 15:00-де Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Кіру тегін.
Анонста ZitAbl арт-дуэтінің жеке мұрағатындағы фото қолданылды.