«Моисей Гинзбург: сәулет формасы сазгері» дәрісі

Маурицио Мериджидің «Моисей Гинзбург: сәулеттік форма сазгері» дәрісіне шақырамыз.
Алматы Тұңғыш Үкімет үйі сәулеттік авангардтың негізгі екі санаты: өнер композиция ретінде әрі өнер конструкция есебінде өз дәуірінің ескерткіші деп қарастырылады. Ғимарат бір мезетте конструктивистік идеология манифесі әрі композициялық шеберліктің жоғары үлгісі саналады.
Дәрісте әлеуметтік конденсатор ретіндегі Үкімет үйі, оның конструктивистік идеологиямен және Моисей Гинзбургтың сәулет тілімен байланысы туралы сөз болады. Ғимарат сәулетіндегі заманауи ориентализмге, жергілікті климат пен табиғи ортаның ықпалы, композицияның көркемдік сипаты мен түстің құрылысты қабылдаудағы рөліне айрықша назар аударылады.
Маурицио Мериджи — сәулетші, зерттеуші және Милан Политехникалық университеті сәулеттік жобалау профессоры. ХХ ғасыр сәулет өнерінің тарихы мен теориясы, сәулеттік авангард және қала құрылысына маманданған. Орыс конструктивизмінің жетекші зерттеушілерінің бірі, Константин Мельников, Иван Леонидов, Моисей Гинзбург және 1920–1930-шы жылдардағы кеңес сәулет өнері туралы көптеген еңбектің авторы. Сәулет мұрасына арналған халықаралық зерттеу жобалары, көрмелер мен жарияланымдарға жетешілік еткен. Сондай-ақ Қытай заманауи қала құрылысы зерттеулері және сәулеттік композиция зерттеулерімен айналысады.
Дәріс 15 тамыз 14:00-ден 16:00-ге дейін Масаншы көшесі, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Тіркелу бойынша кіру тегін. Дәріс орыс тілінде өтеді.