«Дүниежүзілік мұра нысандары номинациясы: жолдың басы, әлде соңы ма?» дәрісі

16.08.2026
Дәрістер мен пікірталастар
Atele

Русудан Мирзикашвилидің «Дүниежүзілік мұра нысандары номинациясы: жолдың басы, әлде соңы ма?» дәрісіне шақырамыз. 

Дәріс Дүниежүзілік мұра нысандарын номинациялау процесіне және нысанның өзін түсінуде оның қандай рөл ойнауы мүмкін екеніне арналады. Номинация дайындығы орынды қайта зерттеу, оның құндылықтарын анықтау әрі оны процестің әртүрлі қатысушыларымен талқылауға таптырмас себеп.

Русудан Мирзикашвили номинациямен жұмыс қалай жүзеге асатынын және Дүниежүзілік мұра мәртебесін алуды неге мұраны мейлінше ұзақ сақтау процесі мен оны пайымдаудың бір бөлшегі ретінде қарастыруға болатынын баяндайды. 

Русудан Мирзикашвили — мұра зерттеушісі және мәдени ландшафт, кеңістіктік жоспарлау мен партисипаторлық қатысу маманы. Оның тәжірибесі академиялық зерттеу, мемлекеттік саясат саласындағы жұмыс және Дүниежүзілік мұра бойынша ICOMOS кеңесшісі халықаралық практикасын қамтиды. Бұған дейін ол Грузия мұрасын күзету ұлттық жүйесінде әртүрлі қызмет атқарып, UNESCO және басқа да халықаралық ұйымдармен жұмыс істеді. Docomomo Georgia ұлттық секциясының негізін қалаушы және төрайымы, сондай-ақ Urban Reactor ұжымының негізін салушылардың бірі. Newcastle University-де PhD дәрежесін алған. 

Дәріс 16 тамыз 12:00-ден 13:30-ға дейін Масаншы көшесі, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Тіркелу бойынша кіру тегін. Дәріс ағылшын тілінде өтеді. 

No items found.