Алматыда пәктікті жоғалту

06.09
Кино
Кино

Қала кеңістігінде махаббат пен жақындық іздеген жас және ересек кейіпкерлер туралы 13 новелладан тұратын фильм-мозаика. Алматылықтар қаланың әртүрлі орындарында — университет сабақтарында, жұмыс орнында, клубта, ата-аналары арқылы танысады. Олар қарым-қатынас құруға құштар, десе де бәрі қалағанын ала алмайды. 

Фильм 2010-шы жылдардың басындағы жақындастықтың көпдауысты картинасын қалыптастырып, әртүрлі жастағы әрі әлеуметтік ортадағы қалалықтардың алғашқы жыныстық тәжірибесіне назар салады. 

Сол кезеңде түсірілген фильм бүгінде күнделікті өмірдің өзгеше ырғағы, сондай-ақ жаппай дейтинг-қосымшалар мен әлеуметтік желілерге өткенге дейінгі адамдардың бір-бірімен танысу тәсілдері бейнеленген қала өмірінің белгілі бір сәтінің айғағы ретінде көрінеді. 

Жанна Исабаеваның туындысы бүгінде қаладағы қатынастар туралы нағыз еркін мәлімдеме әрі 2010-шы жылдардың басындағы Алматының күнделікті өмірінің уақыт капсуласы ретінде үн қатады. 

No items found.