Балалар медиациясы
Балаға өнерді, мұрағатты немесе сәулет идеясын қалай түсіндіруге болады? Түсіндірудің қажеті жоқ. Сұрау керек.
Медиация — бұл бұл балалармен күрделі нәрселер туралы әңгімелесіп, оны қарапайым әрі қызықты ету. Бұл — бала дауысқа ие болатын диалог. Бұл — бақылауға, болжауға, сұрақ қоюға болатын кеңістік және ешқандай жауап қате болмайды.
Қыркүйек айында Целинныйда біз 6 мен 10 жас аралығындағы балаларға арнап медиация бойынша төрт сабақ өткіземіз. Бәріміз бірге:
— Целинный ғимаратының тарихымен танысамыз
— ашылу көрмесін зерделеп, заманауи өнердің ұлттық дәстүрлерге қалай жүгінетінін түсінеміз
— цифрлық мұрағат көрмесі арқылы жад пен тарих туралы әңгімелесеміз
— балалармен бірге сәулет өнерінің біздің өмірімізге қалай әсер ететіні туралы ой қозғаймыз.
Бұл үнсіз отыруға тура келетін сабақ емес. Біз балаларды білімқұмар, батыл, зейінді болуға шақырамыз. Мүмкін, алғаш рет өнердің олармен бір тілде сөйлесетінін сезінетін шығармыз.
Сабақ бағдарламасы:
6 қыркүйек (15.00-17.00) - Целинный ғимаратында медиация
13 қыркүйек (15.00-17.00) - “Барсакелмес” көрмесінің медиациясы
20 қыркүйек (15.00-17.00) - “Документация” жобасы көрмесінің медиациясы
27 қыркүйек (15.00-17.00) - “Көктен жерге дейін” сәулет көрмесінің медиациясы
Жеке сабақтың бағасы - 5000 теңге. Сондай-ақ төрт сабақтан тұратын пакетті 16 000 теңгеге сатып ала аласыз.
Сабақты суретші, арт-терапевт, реджио педагог, сәулетші - Лена Андерсон жүргізеді. Ол балалар мен ересектерге арналған көптеген арт-топтар мен арт-медиацияларды жүргізеді.
Сабақтар орыс тілінде өтеді.
Бағдарлама туралы сұрақтарыңыз болса, learning@tselinny.org поштасы арқылы сұрай аласыздар, біз сізге қуана-қуана көмектесеміз!