Mediation Tour Along Kabanbay Batyr Avenue

Тур
Solid Coffee

Өткен жазда біз Алматыдағы Қабанбай батыр көшесімен — қаланың зиялы қауым өкілдері тоғысатын негізгі орын «Брод» бойымен саяхаттадық. Мұнда режиссерлер, суретшілер, жазушылар және ХХ ғасырдың екінші жартысында қаланың мәдени өмірін қалыптастырған жандар бас қосқан.

Биылғы жазда біз серуенді жалғастырамыз және сіздерді маусымның алғашқы қалалық медиациясына шақырамыз. Біз маршрутты «Алматы» қонақ үйіндегі Solid Coffee кофейнясынан бастап, ауданның тарихы мен сәулетін бірге зерттеп, кездесуді «Целинный» заманауи мәдениет Орталығында аяқтаймыз.

Медиация 1 тамыз, сенбі күні сағат 17:00-де өтеді.

Кездесу орны: Solid Coffee, «Алматы» қонақ үйі (Қабанбай батыр көшесі, 85).

Медиацияға қатысу құны – бір адамға 5 000 теңге. Төлем экскурсия аяқталғаннан кейін Целинный орталығында қабылданады.

No items found.