ZitAbl арт-дуэтінің музыкалық-поэтикалық перформансы

Зитта Сұлтанбаеваның «Өмір өрнектері. EMBRYO» кітабының шығуына орай ZitAbl арт -дуэтінің музыкалық-поэтикалық перформансына шақырамыз.
Кеш поэзия, дауыс, перкуссия, электронды дыбыс пен импровизацияны біріктіреді. Бағдарламаға Зитта Сұлтанбаева СтихоПениемен, Венера Оразбекова вокал және хангамен, Әблікім Ақмоллаев бубен, даб және гонгпен, сондай-ақ Дамир Әлибакиев электронды перкуссия және дыбыстық әсерлермен қатысады.
Аталған перформансты Зитта өзінің ағасы, ақын әрі сценарист Нуйлоп Нупис / Нұрлан Сұлтанбаевтың рухына арнайды.
«Өмір өрнектері. EMBRYO» кітабы 1980-ші жылдардан бастап қазіргі кезге дейінгі Зиттаның өлеңдерін, әндерін, әңгімелері мен графикалық жұмыстарын қамтиды. Бұл — поэзия, мәтін және бейне біртұтас көркемдік әлемде тоғысатын авторлық жинақ. Кеште кітапты автордың қолтаңбасымен алуға болады.
Зитта Сұлтанбаева — өнерпаз, журналист, ақын және қоғам қайраткері. Әблікім Ақмоллаевпен бірге ZitAbl арт-дуэтінде өнер көрсетеді. Әблікім Ақмоллаев — еркін өнерпаз және музыкант, BugaraBu перкуссиялық тобының мүшесі және «Жасыл үшбұрыш» тобының лидері. Венера Оразбекова — әнші, Алматы консвераториясының түлегі, этникалық мотивтер, импровизация және классикалық репертуармен жұмыс істейді. Дамир Әлибакиев — этника мен электронды музыка тоғысында жұмыс істейтін Hapanasasa жобасының негізін салушы.
Іс-шара 22 мамыр 17:30-да Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді. Кіру тегін, тіркелу талап етілмейді.