«Ұсақ-түйектен жасалған шедеврлер» жаңа жылдық ашық шеберхана

27.12.2025, 28.12.2025
Воркшоп
Целинный

Желтоқсанның соңында «Целинный» заманауи мәдениет Орталығы ескі және бір қарағанда керексіз заттардың жаңа тынысы ашылатын балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа жылдық шеберхана ашады. 

Үйде қызыл шүберектер, тесік орамалдар толып қалды ма? Ешкім ойнамайтын шаршылар да бар шығар? Өзіңізбен кез келген “ескі-құсқыны” ала келіңіз — бәріміз бірге оны шырша ойыншықтары мен жаңа жылдық ашық хаттарға айналдырамыз. Бұл бір затты өз қолыңмен жасау тәсілі ғана емес, Жаңа жылға жеп-жеңіл кіру үшін символық тұрғыда артық заттың бәрін өткен күнде қалдыру. 

Шеберхана жүргізушісі — суретші Виолетта Богданова.

Бағдарлама:

27 желтоқсан, 14:00–17:00

Шырша ойыншықтарын жасау бойынша ашық шеберхана.

Материалдарды қиып, жинап, үйлестіреміз және жаңа формалар іздейміз. Мата, детальдар, ескі заттардан өз тарихы мен сипаты бар айрықша жаңа жылдық ойыншықтар пайда болады. 

28 желтоқсан, 14:00–17:00

Жаңа жылдық ашық хаттар жасау бойынша шеберхана.

Екінші күні мәтінмен жұмыс жасаймыз. Ашық хаттар жасап, оларға өзімізге, жақындарымыз бен сүйікті жандарымызға арнап, қысқа тілектер, өлеңдер мен армандарымызды жазамыз.

Екі шеберхана да ашық форматта өтеді: сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін кез келген уақытта келіп, кетуге болады.

Егер керек емес заттарыңыз болмаса, ештеңе етпейді, біз сізге керек материалдарды ұсынамыз. 

Кімге арналған?

Балалар мен ересектерге. Өзіңіз, достарыңызбен немесе отбасыңызбен келуге болады.

Қатысу құны

• 5 000 ₸ — бір адамға арналған билет. 

• 10 000 ₸ — отбасылық билет. (3 адамға дейін)

Билеттерді сілтемеге өтіп, сатып алуға болады. 

Қайда? 

Целинный, Масаншы 59, екінші қабат, «Ателье» білім беру кеңістігі

No items found.