Жай ғана BOX емес: Ауқымды коллаж жасау

01.03.2026
Уоркшоп
Целинный

1 наурыз сағат 15:30-да Целинныйда қазір өтіп жатқан «Суретшілер одағы» көрмесіне орай 9 жастан асқан балалары бар отбасылар мен жұптарға арналған сабақ өтеді. 

Біз қораптың ішінде үш өлшемді коллаж жасап, нақты материалдар, фактуралар мен ауқым арқылы жұптың немесе отбасының образын жинайтын боламыз. Осынау кішкентай кеңістік ішінде естеліктер, шиеленістер, күту мен армандар пайда болуы мүмкін. Қолмен жұмыс істеп, элементтер арасында байланыс орната отырып, одақтың динамикасын: оның тірегін, осалдығы мен жасырын мағыналарын сырттай көруге болады. 

Кездесу басында Целинный медиаторы Кристина Ким тақырыптық тұрғыда сабақпен қиылысатын көрменің бірнеше суретшісі туралы айтып өтеді. Сосын суретші Анна Паркинамен бірге қатысушылар Джозеф Корнеллдың жұмыстары рухында  өз қораптарын жасайтын болады. 

Барлық материалды Орталық береді. 

Сабақты жүргізушісі Анна Паркина Париждегі бейнелеу өнері Академиясын тәмамдаған және ArtCenter College of Design-да тағылымдамадан өткен. 

Өтетін орны: Алматы, Масаншы 59, 2 қабат, Ателье білім беру кеңістігі.

Бағасы: 15 000 теңге — жұптар немесе 3 адамға дейінгі отбасылар үшін (сабақ 9 жастан асқан балаларға сәйкес келеді).

No items found.