Ашық мұрағат: Елена мен Виктор Воробьёвы

27 тамыз 17:00-де Целинныйдың «Құжаттама» сандық мұрағатының бұқаралық форматы — «Ашық мұрағаттың» кездесуі өтеді.
Сіздерді қазақстандық суретшілер — Елена және Виктор Воробьевтармен кездесуге шақырамыз. Олардың 1990-шы жылдардағы көркемдік тәжірибесі, мұрағат материалдары заманауи өнердің тарихын қалай сақтап, пайымдауға көмектесетіні туралы сөйлесеміз. Кездесуде суретшілер өздерінің ерте кездегі жобалары — оларды жасау идеясы қалай пайда болғанын және көрме контексіне орай олардың туындылары қалай өзгергенін әңгімелеп береді.
«Документация» — бұл Орталық Азиядағы заманауи өнер туралы деректердің цифрлық базасы. «Ашық мұрағат» аясында біз мұрағат жұмысымен танысып, жеке коллекциялары Целинный сайтында жарық көретін суретшілермен тілдесеміз.