«Ашық мұрағат: Марат Сағит»

27.02.2026
Дәріс, пікірталас
Целинный

27 ақпан Целинныйдың «Документация» зерттеу жобасының бұқаралық форматы — «Ашық мұрағаттың» бірінші кездесуі өтеді.

Cіздерді біздің қонағымыз — қазақстандық суретші Марат Сағитпен кездесуге шақырамыз. Және «Ашық мұрағаттың» форматы сіздерге заманауи көркемдік практикалармен терең танысуға жол ашып, мәдени жад тақырыбындағы жанды диалогтың бір бөлшегі болады деп үміттенеміз.

«Документация» — бұл Целинный қызметкерлері жинайтын Орталық Азияның заманауи өнері туралы цифрлық база. «Ашық мұрағат» аясында біз мұрағатпен жұмыс істеу туралы баяндап, жеке коллекциялары Целинный сайтында жарық көретін суретшілермен тілдесетін боламыз.

‍

«Ашық мұрағат: Марат Сағит» YouTube-та қолжетімді.

‍

No items found.