«Дене және кеңістік» ашық инклюзивті практикалары

04.03.2026-29.04.2026
Перформанс
Целинный

Қатысқысы келетін жандарды «Дене және кеңістік» ашық инклюзивті практикаларына шақырамыз — бұл перформативті практикалар көмегімен біз нақты сәтте дене мен кеңістіктің өзара байланысын зерттейтін кездесулер сериясы. Әр сабақ — бұл аталған зерттеудің аспектілерінің бірін ашатын жеке-дара тәжірибе. 

Практикалар «Действие буквально» инклюзивті театрымен бірге өткізіледі. Дайындық деңгейі мен жеке ерекшеліктеріне қарамастан, кез келген адам қатыса алады. Егер ассистенция көмегі қажет болса, мұны тіркеу формасында көрсетсеңіз. 

Сабақтар тегін. Әр сабақтың ұзақтығы — 1,5 сағат.

Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет Орталығы, Алматы, Масаншы 59, 1 қабат, ORTA 1.

Тіркелу аталған сілтемеде қолжетімді. 

Сабақтар кестесі

Наурыз

Барлық сабақ сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін өтеді.

4 наурыз, 12:00 — «Дене мен кеңістік үйлесімі». 

Мен кіммін және кеңістік деген не? Біз қалай өзара байланысамыз? Бұл алмасудан мен не сезінемін? Мен қалай өзгеремін және мені қоршаған кеңістікті қалай өзгертемін? 

18 наурыз, 12:00 — «Дене, вертикальдар мен горизонт». 

Дене вертикаль идеясында — әлеуметтік, архитектуралық, физикалық мағынада өзін қалай сезінеді? Горизонт деген не? Ол қайдан өтеді және оған қалай қол жеткізуге болады? 

25 наурыз, 12:00 — «Дене мен кеңістік: максимум және минимум». 

Дененің кеңістікке және кеңістіктің денеге ететін әсерінің қайсысын мөлшерлес деп сезінуге болады? Оның қашан үлкен және аз, күшті немесе әлсіз, жарқын немесе көмескі болуын қалай түсінуге болады?

Сәуір

Барлық сабақ сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін өтеді.

1 сәуір, 12:00 — «Жасырын ықпалдар». 

Дене қалай кеңістікке, ал кеңістік — назар, энергия және қиял арқылы денеге қалай ықпал етеді? 

8 сәуір, 12:00 — «Кеңістіктегі дене географиясы».

Өзінің қатысуыңды қалай сезініп үйренуге болады және айналадағы кеңістікті қалай жақсырақ сезінуге болады? 

15 сәуір, 12:00 — «Перформативті қатысу».

Дене мен кеңістік оқиғаны қалай баяндап бере алады? 

22 сәуір, 12:00 — «Баяулау».

Мәлімдемеге жылдамдық қалай әсер етеді? Біз баяулағанда не айқын бола түседі?

29 сәуір, 12:00 — «Перформативті ым-ишара». 

Қозғалыстан қалай перформанс пайда болады?

No items found.