«Дене мен кеңістік» ашық инклюзивті практикалары

«Дене және кеңістік» ашық инклюзивті практикаларына шақырамыз.
Бұл — дене сыртқы стимулдармен және факторлармен қалай әрекеттесетінін, ішкі импульстардың ортамен қалай байланысатынын және кеңістіктің біздің қозғалысымызға, назарымыз бен күйімізге қалай әсер ететінін зерттейтін кездесулер сериясы. Әр сабақ — жекелеген тақырып пен белгілі бір зерттеу тәсіліне арналған дербес тәжірибе.
Практикалар «Действие буквально» инклюзивті театрымен бірге өткізіледі. Дайындық деңгейі мен жеке ерекшеліктеріне қарамастан, әр адам қатыса алады. Егер сізге ассистенция көмегі қажет болса, оны тіркеу формасында көрсетуіңізді сұраймыз. Әр сабақтың ұзақтығы — 1,5 сағат.
Сабақтар кестесі
13 мамыр, сәрсенбі, 12:00 — «Шекаралар мен ымыралар»
Жеке еркіміз бен бізден қалайтын дүние, яғни «қалаймын» мен «қажет» арасындағы шекара қайдан өтеді? Бұл байланыс денеде қалай көрініс табады? Сабақта қатысушылар қалау мен қажеттілік арасындағы ымыра қайда пайда болатынын және ол кеңістік пен қозғалыста қалай сезілетінін зерттейді.
20 мамыр, сәрсенбі, 12:00 — «Терістеу мен растау»
Дене сыртқы импульстарға қалай жауап береді? Ұсынылған жағдайларға қатысты келісу мен келіспеуді қалай байқауға болады? Аталған кездесу басқаға, өзіңе және жағдайға қатысты растау мен терістеу қалай көрініс табатынына арналады.
27 мамыр, сәрсенбі, 12:00 — «Ырғақ пен аритмия»
Дене өз ішінде және айналасында ырғақты қалай қалыптастырады? Қатысушылар қозғалыс, кеңістік, дыбыс және әрекетпен жұмыс істей отырып, әртүрлі ырғақтардың қалай тоғысып, өзара әрекеттесіп, бір-біріне ықпал ететінін зерттейді.
3 маусым, сәрсенбі, 12:00 — «Симметрия және асимметрия»
«Ретті» және «дұрыс» үнемі жайлы бола ма? Үйреншікті паттерн мен ырғақты қалай бұзып, ережелерді қалай қайтадан қалыптастыруға болады? Бұл кездесуде дененің кеңістікте тәртіпті қалай қалыптастырып, оны қалай бұзатынына және өз кезегінде кеңістіктің денеге төл шарттарын қалай қоятынына басты назар аударылады.
Сабақтар Алматыдағы Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың ORTA 1 кеңістігінде сағат 12:00-ден 13:30-ге дейін өтеді. Сабаққа аталған сілтемеге өтіп, тіркелуге болады.