«Қиялдағы ертегі» инклюзивті уоркшобы

Біз «Қиялдағы ертегі» инклюзивті сабақтар циклін жалғастырамыз. Бұл жолы ол әртүрлі жастағы балаларға арналған екі кездесуден тұрады.
«Қиялдағы ертегі» — бұл балалар шығармашылық, сезімталдық және бірлескен жұмыс арқылы хикаяны бастан кешіретін интерактивті уоршоп. Ойын, коллаж, сурет және қарапайым көркемдік тапсырмалар арқылы қатысушылар қиял, коммуникация және эмоциялық мәнер дағдыларын дамытады.
Бағдарлама барлық балаға, соның ішінде даму ерекшеліктері бар балаларға: аутизм спектрі бұзылыстары, Даун синдромы және ЦСА бар балаларға ашық. Біз үшін сабақтың түсінікті, тыныш және қолжетімді болғаны, ал әр қатысушының процесске өз ырғағында қосылғаны маңызды.
7 маусым 11:00-де 4–8 жастағы балаларға арналған «Қиялдағы ертегі» уоркшобы өтеді. Сабақтың өзегінде — белсенді тыңдау, жанасу материалдары және ұжымдық шығармашылық арқылы ертегімен танысу жатыр. Балалар хикаяны тыңдап, образдармен жұмыс істеп, топпен бірге жалпы туындыны жасайтын болады.
14 маусым 11:00-де 9–12 жастағы балаларға арналған «Комикстер» уоркшобы өтеді. Қатысушылар өз кейіпкерлерін ойлап тауып, олардың хикаясын кішігірім комикске айналдырады. Бұл сабақ баланың ішкі күшті қабілетінің образымен жұмыс істеуге, ішкі күшін сезінуге және кейіпкер арқылы өзі туралы айтуына көмектеседі.
Уоркшопты педагог-логопед Ольга Брижатюк жүргізеді.
Екі сабақ та тіркелген барлық қатысушыға тегін. Уоркшоптар Масаншы, 59 мекенжайында орналасқан Целинныйдың екінші қабатындағы Ателье білім беру кеңістігінде өтеді.
Қатысу үшін тіркеу формасын толтыру қажет.