Сәулет мұрасын сақтау. Жаһандық контекст және Алматы
Қаламыз үшін өте маңызды және өзекті тақырып “Сәулет мұрасын сақтау. Жаһандық контекст және Алматы” аясында өтетін панельдік пікірталас. Сәулетшілер, мәдениеттанушылар, зерттеушілер мен энтузиастар “Алматының сәулеттік бірегейлігін қалай анықтауға және сақтауға болады?” деген басты сұраққа жауап беруге тырысады. Пікірталастың модераторы сәулетші, куратор және GRACE (Милан, Италия) сәулеттік бюросының негізін салушылардың бірі - Екатерина Головатюк.
Анна Броновицкая – сәулет тарихшысы, Модернизмді зерттеу институтының басшысы, Мәскеу сәулет мектебінің оқытушысы (МАРШ), бейнебайланыс арқылы әлемдегі сәулет өнерін сақтау мысалдарымен, атап айтқанда Мәскеудің тәжірибесін ортаға салады.
Алмас Ордабаев – сәулетші, материалдық мәдениет тарихшысы, сәулет философиясының докторы (PhD) - Қазақстандағы жетпісінші жылдардағы сәулет мұрасын сақтауға қызығушылықтың пайда болуы туралы әңгімелейді.
Әнел Молдахметова –қалалық жобалардың продюсері, Cityzen Space бюросының және архитектуралық мұраны зерттеу мен сақтауға арналған ArchCode Almaty жобасының негізін салушылардың бірі - Алматының қазіргі жағдайы туралы әңгімелейді.