«Байконур vs Байқоңыр» баспа бағдарламасы – 1-ші Күн

15:00 | Танытым
«Байконур vs Байқоңыр», Күлшат Медеуова (модератор)
Кітабының танытымында оның редакторы Күлшат Медеуова жинақты жасауға ат салысқан барша авторды таныстырып, кітаптың шығуына орай бұқаралық бағдарлама туралы айтып береді.
Спикерлер: Әнуар Дүйсенбинов, Ұлболсын Сандыбаева, Манифа Сарқұлова, Лейла Бақытова, Зира Наурызбай, Денис Сивков, Жомарт Медеуов, Нелли Бекус и Динара Рысқұлбекова
15:45 | Дәріс
«Ғарыш этнографиясы мүмкін бе?»
Антропологтар үшін басты қағида — being there, яғни ұзақ уақыт бойы зерттеу алаңында тікелей болу. Жерден тыс кеңістікте бар-жоғы 600-ден сәл астам адам болған, олардың ішінде бірде-бір антрополог жоқ. Әлеуметтік ғылым өкілдері ғарышқа ұшпайды. Онда ғарыш антропологтары нені және қалай зерттейді? Этнография жүргізудің қандай мүмкіндіктері бар? Ғарышта қандай әдістер мен оптикалар қолданылуы мүмкін?
Спикер: Денис Сивков
16:45 | Артист-ток
«Өткен шақ пен болашақ арасындағы ғарыш», Ұлболсын Сандыбаева (модератор)
Зерттеуші және кітап авторларының бірі Ұлболсын Сандыбаева «ғарышты бейнелеген» суретшілер туралы, мұның Қазақстанның өткені мен болашағын Байқоңыр ғарыш айлағымен қалай байланыстыратыны туралы әңгімелейді.
Спикерлер: Саид Атабеков, Анвар Мүсрепов, Күлшат Медеуова
17:40 | баяндама-презентация
«Futuristan.lab жобалары туралы», Анвар Мусрепов
Суретші Анвар Мусрепов Futuristan.lab жобалары туралы, әсіресе А. Г. Тихов еңбектерін зерттеуге қатысты бағыттарға тоқталады. Сонымен қатар Буэнос-Айрестегі резиденция аясында жүзеге асқан жоба туралы қысқаметражды видео көрсетіліп, А. Г. Тихов жұмыстары негізінде дайындалған астроботаникалық өсімдіктер каталогы және қыналар мен саңырауқұлақтардан жасалған сорпа таныстырылады.
Спикер: Анвар Мусрепов
Саид Атабеков, «Түркістан ғарыш айлығы» сериясынан (2020)