Queer Theory Playground

Workshop, lecture
18.08 - 22.08.2025
Tselinny

18–22 тамыз / 11:00–14:00

Бес күндік пайымдау, қозғалыс, дене және теориялық эксперименттер: біз дене, билік, сәтсіздік, ләззат алу мен болашақты куир теория көзқарасы тұрғысынан қарастырамыз. Сонымен қатар жұмсақ дене тәжірибелерін, топтық талқы, ұжымдық хат жазу, оқу, жеке өткенді утопиялық болашақпен байланыстыратын рәсімдер мен ойындар өткіземіз.

Тақырыптар:

Сәтсіздік күш ретінде;

Ләззат пен қуаныш қарсылық ретінде;

Куир-мұрағат утопия ретінде;

Уақыт, дене, дауыс, би, жазу, ойындар.

Салтанат Шошанова — квир-феминистік өнер, деколониялық теория және жады тәжірибелері тоғысында жұмыс істейтін зерттеуші және белсенді. Ол Регенсбург университетінің “Light On! Queer Literary Cultures under Socialism” жобасында докторантурада оқып жатыр және Орталық Азиядағы квир-мәдениет туралы жазады. Өзінің мәтіндерінде, жобаларында және арт-практикасында Салтанат қарсылық стратегияларын, травма, кімдік және тарихты квирлік пен дененің призмасы арқылы қайта ұғыну жолдарын зерттейді. History & Memory, Central Asian Survey басылымдарында мақалалары жарық көрген, сондай-ақ Queer-Feminist Solidarity and the East/West Divide жинағының редакторы.
Лектор туралы толығырақ: shoshanova.com.

Кімге арналған:

Куирлық, дене, қарсылық пен өзін-өзі танытуға қызығатын барлық жанға уоркшоптың есігі ашық. Кеңістік әртүрлі гендерлік кімдігі мен жас айырмашылығы бар адамдарға қолдау білдіретін, инклюзивті және қауіпсіз орта болуға ұмтылады.

Өтінім беру үшін 30 маусымға дейін сайттағы форманы толтырыңыз (сілтеме био-да).

Дедлайн аяқталған соң бір аптадан кейін нақты мәліметтерді, соның ішінде материалдардың тізімін және бастаудан бұрын білуіңіз тиіс ақпарларды жібереміз.

Қатысу тегін. Орын саны шектеулі.

Уоркшоп орыс тілінде өтеді, мәтіндер ағылшынша түпнұсқа тілде оқылады.

No items found.