Репортаждық иллюстрация

10.10–21.11.2025
Балалр мен жасөспірімдерге
Целинный

«Репортаждық иллюстрация» курсында скетчбук бақылау және оқиғаны баяндау құралына айналады. Қатысушылар әртүрлі иллюстрациялық техникаларды сынап көріп, күнделікті өмір мен қоршаған ортаның бөлшектерін байқап, оларды суретке айналдыруға үйренеді. 

10 сабақ барысында біз репортаждық иллюстрациялау әдістерін бірте-бірте игереміз: жылдам нобайлау, материалдармен және баяндаумен эксперимент жасау, пленэрлер және т.б. Бос парақтан қорқуды жеңу, «сурет салу» және өзіндік визуал ырғақты табуға байланысты көптеген тәжірибе болады. 

Курсқа сурет салу тәжірибесіне қарамастан барлығы қатыса алады. Сурет салуға деген сүйіспеншілік, қызығушылық және өз бақылауларыңызды ортаға салуға деген ұмтылыс қосымша бонус болмақ. Бұл репортаждық иллюстрацияны өзін-өзі таныту және визуал медиада өз тіліңді табу мүмкіндігін сынап көру. 

Курс нәтижесі: қатысушы таңдаған тақырыпқа немесе қаланың бір бөлігіне арналған шағын зин.

Өтетін орны: «Целинный» заманауи мәдениет орталығындағы Atelier, Масанчи көшесі, 59, Алматы. 

Курс тілі — орысша.

«Freedom Bank-пен шығармашалық зертхана» бағдарламасы курсына қатысу тегін — гранттар Freedom Bank қолдауымен беріледі. Өтінім беру үшін Орталықтың сайтындағы форманы толтыру қажет. Қатысушыларды іріктеу кезінде біз материалдық көмектің қажеттілігін (оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерді), өтінімнің мұқият дайындалуын және аталған курсқа қатысу қаншалық маңызды әрі алған білімі мен тәжірибесін қалай пайдалануды жоспарлайтын мотивациясын ескеретін боламыз.

Тәлімгер: Әйгерім Түменбай – мультидисциплинар иллюстратор, дизайнер және халықаралық тәжірибесі бар өнерпаз Open Sourcing Love өнер ұжымының негізін қалаушылардың бірі. Әйгерім қазір De Montfort University Kazakhstan-да иллюстрация және дизайннан сабақ береді және өзінің көркемдік тәжірибесін дамытуда.

Курсқа қатысты сұрақтарыңыз болса, learning@tselinny.org электрондық поштасына жазыңыз.

No items found.