Гүлдің ырғағы

Бұл анимациялық фильм музыкалық дарын иесі және үндістан музыкасының классигі Кумар Гандхарваның туберкулезбен ауырған өмірінің бірнеше жылына арналады. Сырқат кезінде Кумар табиғатқа құлақ салып, жаңа әуендерді баяу шырқайды.
Акварельді анимация музыканттың ішкі жай-күйін жеткізеді: ол шөл далада түйелермен бірге серуендейді, ашық мұхитта жүзеді, біртұтас, тәуелсіз Үндістанды бейнелейтін пойыздармен саяхаттайды. Сондай-ақ оны әрі қарай өнер жасауға шабыттандыратын құстардың шырылы, бұталардың сыбдыры, желдің үні сынды
дыбыстар қоршап алады. Бір жарым сағат ішінде музыкант үшін бұл қиын кезең Үндістандағы айтулы өнер иесінің әлеміне визуалды тұрғыда әдемі әрі жайлы көз тастау тәсіліне айналады.
Қазіргі қызығушылық тудыратын үндістандық режиссерлердің бірі - Амит Дутта жанрлар мен формаларды қалауынша пайдаланады: оның фильмографиясында табылған материалдар негізінде жасалған деректі жұмыстар да, стоп-моушен анимация да, баяу кино әлеміне сүңгу де болды. Бірақ оның фокусы еш өзгеріссіз қалып отыр — ол әртүрлі кезеңдердегі үнді мәдениеті мен өнерінің жеке аспектілерін егжей-тегжейлі зерттейді.
Кино бағдарламаның ақпараттық серіктесі: ‘98mag