МӘҢГІЛІК ЖЕЛ САЛТАНАТЫ: Концерт

07.05-28.06.2026
Концерт
Целинный

Триеннале дыбыс пен тыңдау практикаларына арналып, оларды білім, жад және ұжымдық тәжірибенің негізгі формалары ретінде қарастырады. Сегіз апта бойы жоба музыка, өнер және зерттеу тоғысында жұмыс істейтін өнерпаздарға ашық платформа ұсынып, дыбыс инсталляциялары, перформанстар, концерттер, дыбыстық серуендер, уоркшоптар, дәрістер мен пікірталастарды біріктіреді.

Басты назарда — физикалық, мәдени және метафоралық құбылыс ретіндегі дыбыс пен желдің өзара байланысы болмақ. Жоба кураторалы — Әнуар Дүйсенбинов (Қазақстан), Мәдина Садыбекова (Қазақстан) және Стас Шәрифулла (Швейцария) — желді акустикалық орта, бақылауға көнбейтін күш және дыбыс болмаса да, көрініс табатын қатысу формасы ретінде қарастыруды ұсынады.

Триеннале концерт бағдарламасы тоғыз эпизодтан тұрады, олардың әрқайсысы желдің саналуан күйін ашып көрсетеді. 7 мамырда болатын ашылу салтанаты екі концерттен тұрады. Бірінші эпизод — «Самал» — рәсімдік жауын-шашын әуендерімен жұмыс істейтін палестиналық әртіс Бинт Мбәрех пен Korkut Триенналесі үшін аты аңызға айналған жапон композиторы Миеко Сиоми арнайы жазған «Жел мен көлеңке салтанаты» жаңа пьесасының әлемдік премьерасын біріктіреді.

Сол кеште радикал вокалдық практикаларға арналған — «Қараборан» екінші эпизоды өтеді. Сахнада Карина Утомо яван рәсімдеріне негізделген перформанспен өнер көрсетсе, көмеймен ән салуда аты аңызға айналған тувалық орындаушы Саинхо Намчылак жеке импровизациясын орындайды.

Екінші күні өтетін бағдарлама («Дауыл», 8 мамыр) күш пен тартылыс тақырыптарын Азадбек Бекчановтың перформанстары, Таңсұлпан Бұрақаева және Назира Омар интерпретациясында Сиоми пьесасының екінші рет орындалуы, сондай-ақ СТМ фестиваль (Германия, Берлин) қолдауымен ұсынылған Жевдет Әректің дыбыстық қозғалысы арқылы зерттейді.

9 мамыр «Харматтан» эпизоды көрерменге орындаушылар мен бұқара қауым тең деңгейде болатын сахнасыз дөңгелек кеңістік арқылы қабылдаудың басқа форматын ұсынады. Бағдарламада Сиоми пьесасы соңғы рет орындалып, Şüräle Карина Утомо және Билава Аде Респати қатысатын перформанс көрсетеді, сондай-ақ “The Whispering Choir” ұжымдық өнер көрсетуі өтеді.

Бірінші уикенд 10 мамыр «Керімсел» эпизодымен түйінделеді. Бұл – назар тәндегі дыбыстар — тыныс, қозғалыс және физикалық күшке шоғырланған Жазгүл Мадазимованың жеке перформансы.

Келесі бағдарлама мына туындыларды қамтиды:
«Құралай» (16 мамыр)Lovozero, Жанна Төленді және Нұрбәк Батулланың дыбыс, технология және хореография тоғысында жасаған пәнаралық перформансы;
«Доэтбарам» (29 мамыр) — корё-сарам тарихына арналған Соджунг Джунның аудиовизуалды жұмысы;
«Каар Силлие» (19 маусым)Айша Оразбаева мен Алдана Дуораанның академиялық және дәстүрлі музыка шекараларын зерттейтін концерті;
«Хазри» (27 маусым) — қобызшы Раушан Оразбай мен электронды музыкант Синна Пейғами арасындағы диалог;
«Муссон» финалдық эпизоды (28 маусым) — «Құралай салтанаты» перформансы қайта көрсетіледі.

No items found.