Өнерпаз жетекшілігіндегі робототехника

Төрт тәуелсіз воркшоп робототехниканың өзін-өзі көрсетужәне көркемдік идеяларды жеткізу тіліне айналуы туралы. Қатысушылар инженер және өнерпаздың жетекшілігімен роботтарды жинап, бағдарламалайды; бұл роботтар тек жұмыс істеп қана қоймай, сонымен бірге идея, мінез және мағына да жеткізеді.
Біз инженерлік ойлаудың негіздерімен танысып, моторлармен, датчиктермен және микроконтроллерлермен жұмыс істеуді үйренеміз, сондай-ақ прототип жасаудың принциптерін түсінеміз. Әр воркшоп бір тақырыпқа арналған: экология, музыка, дене мәдениеті, урбанистика және әрқайсысы жеке тәуелсіз жоба болады. Қатысушылар үш адамнан тұратын топтарда өздерінің бірегей роботтарын құрастырады, ол техникалық тұрғыдан толыққанды өнер туындысы ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың идеялары мен құндылықтарын көрсететін болады.
Өтетін орны: Ателье — «Целинный» заманауи мәдениет орталығының білім беру кеңістігі, Масанчи көшесі, 59, Алматы қаласы.
Курс тілі — орыс тілі.
«Freedom Bank-пен шығармашылық зертхана» бағдарламасы аясындағы курсқа қатысу толықтай тегін — гранттар Freedom Bank қолдауымен ұсынылылады. Өтініш беру үшін Целинный орталығының сайтындағы арнайы форманы толтыру қажет. Қатысушыларды таңдау барысында олардың қаржылық қолдауға (көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдер)деген қажеттілігі, сондай-ақ олардың мотивациялық хаты мен өтініштерінің сапасы ескеріледі — курс қатысушы үшін не себепті маңызды және алған білім мен тәжірибені қалай пайдаланғысы келетінін ескере отырып таңдайды.
Тәлімгер: Тимофей Носов — технология, өнер және гуманитарлық ғылымдар шеңберінде жұмыс істейтін инженер және зерттеуші. Ол балалар мен ересектерге экология, заманауи өнер, инженерлік іс және урбанистикатақырыптарында білім беру бағдарламаларын ұйымдастырып, үйлестіріп өткізеді. Оның әдісі шығармашылық пен сыни ойлауды дамытатын сыни педагогиканың принциптеріне негізделген.
Курсқа қатысты барлық сұрақтар бойынша мына электронды поштаға жаза аласыз: learning@tselinny.org