Розалинда Краус «Құралдарды қайта ойлап табу»
Интеллектуал әдебиет пен заманауи өнерді қадірлейтіндер үшін екі керемет жаңалығымыз бар. Біріншіден, ертеңгі Reading Club кездесуінде заманауи өнердің жетекші аналитиктерінің бірі Розалинд Краустың «Құралдарды қайтап ойлап табу» атты әйгілі туындысы апта кітабы атанбақ. Екіншіден, Promises of the Past, Центр Помпиду, Париж (2010); Younger Than Jesus, New Museum, Hью-Йорк (2009); Ыстамбұл биенналесі (2005) сынды т.б көрмелерге қатысушы, суретші Александр Угай сіздерді кітаппен таныстырады. Александр мұндай туындыларды қалай дұрыс қабылдау керегін баяндап, оқулар өткізіп, сіздерді автордың идеясымен жақынырақ таныстырады. Біздің дәрісханада пікірталас өтіп, заманауи өнердің күрделі, десе де қызықты әлеміне сүңгу мүмкіндігіне жол ашатын жылы кездесу болады деп күтілуде.