Тыныш айқайдың құпиясы

Бұл уоркшоп кеңейтілген вокалдық техникалар және көмеймен ән айтуға басты назар аудара отырып, адам дауысының көркемдік және физикалық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған.
Саинхо Намчылактың жетекшілігімен қатысушылар дауыс диапазонын кеңейтіп, дыбыстың тереңдігін арттыруға мүмкіндік беретін тыныс алу, резонанс және дауысты бақылау техникаларымен танысады. Ерекше назар обертондық ән айтуға және дауыстың көпқабатты дыбыс әсерін тудыратын техникаларға аударылады.
Бағдарлама негізгі тыныс алу тәжірибелерін эксперименттік вокалдық жаттығулармен ұштастырады және дауысты бір сәтте физикалық және медитативтік практика ретінде қарастыратын Орталық Азияның дыбыс дәстүрлеріне сүйенеді.
Уоркшоп теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Қатысушылар обертондық ән айтудың әртүрлі мәнерлерімен (sygyt, khoomei, kargyraa), сондай-ақ оларлың тарихи және мәдени контексімен танысады. Ал практикалық бөлім дауыс техникасын дамытуға, тыныс алу және резонанспен жұмыс істеуге, сонымен қатар қозғалыс пен импровизация арқылы дыбысты зерттеуге арналады.
Сабақ барысында қатысушылар ұжымдық перформанс дайындау мүмкіндігін ескере отырып, жеке де, топпен де жұмыс істейтін болады.
Уоркшоп әншілер, перформерлер және дауыспен жұмыс істеуге қызығатын кез келген жанға ашық — арнайы дайындық талап етілмейді. Қозғалыс үшін ыңғайлы киім киіп, су ала келген жөн.
Саинхо Намчылак — дәстүрлі тувалық музыка, перформанс және эксперименттік дыбыс тоғысында жұмыс істейтін вокалист және перформер. Оның практикасы хоомей (көмеймен ән айту) техникасына негізделген және бақсылық дәстүрлер, сібір фольклоры мен буддистік рәсімдер элементтерін заманауи дыбыстық практикалармен ұштастырады.
Орын саны: 15 адамға дейін
Тілі: орысша
Бағасы:
— екі күндік уоркшоп: 6 000 тг
— толық абонемент (4 уоркшоп, II Korkut Sonic Arts Triennale): 20 000 тг