Қазақстандағы жады орны дәрістер циклі
Біздің дәрісхана сирек және қызықты тақырыптармен толығуды жалғастыруда. Бүгінгі қонағымыз - философия ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының профессоры Күлшат Медеуова “Қазақстандағы тәжірибе мен жады орны” атты циклдің алғашқы бөлімін дайындады.
“Ескерткіш болу деген не?”, “Жады орны” (Фр. lieu de mémoire) - ХХ ғасырдың 80-жылдарының басында француз ғалымы Пьер Нора енгізген ұғым. Ол уақыт өте келе және адамдардың ерік-жігерімен қауымның ұлттық жады мұрасының символдық элементіне айналған рухани және материалдық бірлікті бейнелейді. Әрбір елде, әрбір мәдени және саяси контексте ұжымдық, әлеуметтік, тарихи және мәдени жады ұғымдарын өздерінің аймақтық контекстінде интерпретациялауға болады.
Әдістеменің кеңеюі және және жады тәжірибесі бойынша зерттеулердің көбеюі әлемдік трендіне қарамастан, Қазақстанда мұндай арнайы зерттеулер өте аз жүргізілді. Аталған дәрістер циклінде Memory Studies-тің бірнеше классикалық жұмыстарымен, сондай-ақ 2015 жылдан бері Қазақстанда Күлшат Медеуова, Ұлболсын Сандыбаева, Дәметкен Толғамбаева және Құралай Ермағамбетовадан тұратын авторлар тобы жүргізіп келе жатқан далалық зерттеулердің нәтижелерімен танысуға сирек мүмкіндік туады.
Қазақстандағы жады орнына қатысты дәрістің жалғасы шықты. Бұл жолы сіздер үшін философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының доценті Ұлболсын Сандыбаева сөз сөйлейді.
Жад саясаты қалай құрылады? Травматикалық жадының инфрақұрылымы қалай құрылады? Мемориалдық бейнелер арқылы тарих қалай құрастырылады? Бұл процестер кімдікті іздеуде қалай әсер етеді? Дәрісте жараны зерттеу саласына (Trauma Studies) және елдің мемориалдық ландшафтын қалыптастырған ХХ ғасырдағы тарихи оқиғаларға қысқаша шолу жасалады. Осы тақырып аясында Қазақстан травмалық жадының трансұлттық жолдары өтетін аумақ ретінде қарастырылады.
Әдістеменің кеңеюі және және жады тәжірибесі бойынша зерттеулердің көбеюі әлемдік трендіне қарамастан, Қазақстанда мұндай арнайы зерттеулер өте аз жүргізілді. Аталған дәрістер циклінде Memory Studies-тің бірнеше классикалық жұмыстарымен, сондай-ақ 2015 жылдан бері Қазақстанда Күлшат Медеуова, Ұлболсын Сандыбаева, Дәметкен Толғамбаева және Құралай Ермағамбетовадан тұратын авторлар тобы жүргізіп келе жатқан далалық зерттеулердің нәтижелерімен танысуға сирек мүмкіндік туады.
Біз Қазақстандағы жады орны туралы дәрістер циклін жалғастырамыз. Бүгінгі дәрісхана қонағы Дәметкен Толғамбаева – философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының доценті.
Тақырыбы: “Діни топтардың жады орны: Нұр-Cұлтан қаласындағы мұражайлар”. Дәрісте Сәдуақас қажы Ғылмани мұражайы мен Шіркеу-тарихи мұражайы діни топтар яғни мұсылмандар мен православтардың жады орны ретінде қарастырылады. Аталған тақырып аясында Қазақстандағы дін тарихымен, сондай-ақ діндарлар мен дін өкілдерінің тағдырларымен таныс боласыз.
“Жады орны” (Фр. lieu de mémoire) - француз ғалымы Пьер Нора енгізген ұғым. Ол уақыт өте келе және адамдардың ерік-жігерімен қауымның ұлттық жады мұрасының символдық элементіне айналған рухани және материалдық бірлікті бейнелейді. Аталған дәрістер циклінде Memory Studies-тің бірнеше классикалық жұмыстарымен, сондай-ақ 2015 жылдан бері Қазақстанда жүргізілген далалық зерттеулердің нәтижелері берілген.
Біз қазақ тілінде алғашқы дәрісіміз өтетін қуана хабарлаймыз. “Қазақстандағы естелік орындары” циклі аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті “Мәдениеттану” мамандығы бойынша PhD және Философия кафедрасының аға оқытушысы - Құралай Ермағамбетова сөз алады. Ғылыми қызығушылықтары: мәдени брендинг, заманауи қазақстандық мәдениет, заманауи мәдениет саласында эксперименттер мен дискурстар, мәдени саясат, мәдени антропология.
“Қазақстанның мәдени кеңістігіндегі батырлар мен хандар ескерткіші”
Дәрісте Қазақстанның мәдени кеңістігіндегі қазақ халқының рухани бірлігі мен ұлттық кімдігінің символы ретіндегі батырлар мен хандарға арналған ескерткіштер, сондай-ақ жауынгерлік өнер, ерлік пен қаһармандық сарапқа салынады. Бұл қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетінің бейнесі, ұлттық құндылық және отансүйгіштікке тәрбиелеу құралы ғана емес, сонымен қатар киелі жер және туристік нысан саналады.