Үлкен қала

1950-ші жылдар, Калькутта. Арати жұмысқа орналасады, себебі күйеуінің табысы жеткілікті өмір сүруге жетпейді. Бара-бара қыз қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізіп, отбасындағы жалғыз асыраушыға айналады.
50-ші жылдардың ортасында Сатьяджит Рай Үндістанның ауылынан келген жігіттің ер жетуі туралы «Апу трилогиясы» арқылы «Үндістан параллель киносы» туралы өзінің жобасын барша әлемге таныстырды. Бұл итальяндық неореализм мен кеңестік кинодан шабыт алған, әлеуметтік әділет пен жұмысшы табын репрезентациялауға бағытталған фильмдер еді. Аталған қозғалыстың режиссерлері (ол қатарда — Ритвик Гхатак, Мринал Сен бар, кейіннен олардың студенттері қосылды) сол тұста отбасылық қақтығыстар мен касталық әділетсіздік туралы үш сағаттық жарқын мюзиклдермен атағы жер жарған Болливудқа өздерін қарсы қойды. Жаңа режиссерлердің фильмдері — мейлінше нюанстарға толы, олар шындықты егжей-тегжейлі зерттеді. Десе де Рай өз фильмдерінде өзі сөз ететін күрделі тақырыптарды түсінікті жеткізетін нәзік әдеби әзіл-сықақтан бас тартпайды.
«Үлкен қала» Райдың алғашқы толыққанды «қалалық» фильмі атанды. Алғашқы сұхбат пен саудадан бастап, күйеуімен және бастығымен болған кикілжіңге дейінгі әртүрлі жағдайлар арқылы фильм Үндістан тәуелсіздік алып, белсенді урбанизацияны бастан кешіргеннен кейінгі қалалық әйелдің тәжірибесін репрезентациялайды. Фильм кейіпкерлері үнді мюзиклдеріне баратын қарапайым адамдар, олар уақытынан бұрын келген заманда өздерін тауып, соған бағдарлануға үйренеді: Субрата әйелдерге арналған жұмыстарға қатысты көптеген хабарландыруды іріктеп әлек, Арати әу баста қаржылық агенттікті қалыптастырады, ал кейін жұмыста сөзге келіп, тәуелсіз пікірге ие болады. Біздің көз алдымызда бір отбасының қарым-қатынас динамикасы мәңгілікке өзгерген Үндістанның ізін суытпай өзгеріп сала береді.
Кино бағдарламаның ақпараттық серіктесі: ‘98mag