Отырардың күйреуі

Ежелгі Отырар қазақ өркениетінің бесігі болды. XIII ғасырдың басында қаланы сол кезде 64 жастағы Шыңғыс ханның әскері жаулап алады. Шыңғыс ханның әскеріне жасырын кірген ержүрек Інжу жеті жыл ішінде құлдан мың қолды басқаратын қолбасшыға дейін көтеріліп, шайқастың барлық қыр-сырын меңгереді. Шыңғыс хан әскерін Орталық Азияға жіберуге бел буғанын білген Інжу төніп келе жатқан қауіпті Хорезм ханына жеткізуге асығады.
Заманауи тақырыптарға баса назар аударған «жаңа толқындағы» әріптестерімен салыстырғанда Әмірқұлов Шыңғыс ханның Отырарды жойған тұсында өмір мен мәдениеттің өзге де ошағының жалыны сөнген Орталық Азияның ғасырлар бойғы тарихи бағытын анықтаған оқиғалар туралы тарихи эпоспен дебют жасады. Десе де фильм айтарлықтай заманауи сипат алды. Әрі кеңестік тарихи кино салтанат құрған тұста тарихи материалды «дұрыс жеткізу» басты назарда еді. Қала бердң Голливудтың қойған талаптарына елітіп, шайқастан көз ашпайтын фильм түсірудің орнына, бізді адамдарды жауынгерлер және басқалары деп екіге бөлген 13 ғасырдың тұтқыр шындығына бастайды. Хронометраждың айтарлықтай бөлігін саяси интригалар алып жатыр, олар адамды мәмілеге келуге және бірлескен әрекет жасауға қабілетсіз, тек мәртебеге ұмтылатын және кез келген жағдайда зорлық жолын таңдауға бейім тіршілік иесі ретінде көрсетеді. Ал қалған уақытта біз қала мен оның тұрғындарының баяу өліп бара жатқанын бақылаймыз — империя күйреп барады, ешкім, тіпті ең батыл әрі ержүрек қаһарман да оны тоқтатуға қабілетсіз.
4 жылдық түсірілім жұмыстары, режиссер Ардақ Әмірқұловтан бастап сценарист аға Алексей Герман мен Светлана Кармалитаға дейін, осынау қатыгез әлемді ақ-қара, сепия және әсем түрлі-түсті түнгі көріністерге айналдырған операторлар Койчуманов пен Сүлейге дейін, сондай-ақ жоғалып кеткен өркениеттің тыныс-тіршілігін қайта тірілткен костюм мен декорация бойынша суретшілердің, жалпы фильмге ат салысқан тұтас ұжымның жоғары деңгейдегі жұмысы — үлкен экранға араға 25 жыл салып оралған фильмнің қалпына келтірілген 4K нұсқасында көрініс табады.
Кино бағдарламаның ақпараттық серіктесі: ‘98mag